Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3427 1 пікір 9 Шілде, 2018 сағат 12:40

Мәскеу полициясы тәжік мигранттарын шоқпармен сабаған

Радио Озоди оқырмандары Мәскеуде екі полиция қызметкерінің шоқпармен тәжік мигрантын төмпештеп ұрғаны түсірілген видео жіберген.

Бірақ соған қарамастан мигрант қарсылық көрсетпеген. Полиция өкілдері оны жерге жатқызып, қолына кісен салып жатыр. Полиция көлігінің жанында қолы кісендеулі тағы бір мигрант тұр. Оның арғы жағында бір топ тәжік мигранттары тұр. Олар болып жатқан жағдайға наразылық білдіріп, оқиғаны видеоға түсіріп жатыр.

Олар қолы кісендеулі отандасына егер құжатың дұрыс болса, қашып кет деп кеңес беріп жатыр. Көпшіліктің кеңесіне құлақ асқан ол тасжол бойындағы қоршаудан секіріп қашады. Онымен бірге видеоға түсіріп жатқан өзге мигранттар да қашып барады. Оларды полиция өкілі қуып жеткен кезде, видео үзіліп қалады. Әрі қарай не болғаны белгісіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076