Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1916 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 11:36

О.ЖЫЛҚАЙДАРОВ. Егiзбаевтың еркiнсуi немесе Шымкенттегi бiр клиникадан 100-ге жуық адамның қызметтен “өз еркiмен” кетуiнiң сыры неде?

Қазақилықтың қаймағы бұзылмаған Оңтүстiктi басқаруға орашолақ билiк иелерiнiң келуiмен пайда болған атышулы СПИД-тiң әлемге жайылғанын әсте ұмыта алмаспыз. Сол кезде облысымыздың денсаулық саласын басқаруға Астанадан алдырылған А.Дудниктiң медициналық мекемелерге басшы — кадрларды “қоралап” өзiмен бiрге әкелiп, айды аспанға бiр шығарған. Ал оның жасаған былығы бүкiл БАҚ-тың бетiнен түспегенi баршаға аян.
Облысқа Дудникке iлесiп келген кадрлар тайлы-таяғымен кеттi. Ендi, елге танымал дәрiгер, iскер басшы ретiнде көрiнiп жүрген төл перзенттерiмiз сала жұмысын жүйелi жолға қояды деген үмiтте болдық. Шындығында шипагерлiгiмен танылған, бiлiмдi де, бiлiктi басшы — кадр ретiнде көрiнген жерлестерiмiз сала тiзгiнiн ұстай бастады.

Қазақилықтың қаймағы бұзылмаған Оңтүстiктi басқаруға орашолақ билiк иелерiнiң келуiмен пайда болған атышулы СПИД-тiң әлемге жайылғанын әсте ұмыта алмаспыз. Сол кезде облысымыздың денсаулық саласын басқаруға Астанадан алдырылған А.Дудниктiң медициналық мекемелерге басшы — кадрларды “қоралап” өзiмен бiрге әкелiп, айды аспанға бiр шығарған. Ал оның жасаған былығы бүкiл БАҚ-тың бетiнен түспегенi баршаға аян.
Облысқа Дудникке iлесiп келген кадрлар тайлы-таяғымен кеттi. Ендi, елге танымал дәрiгер, iскер басшы ретiнде көрiнiп жүрген төл перзенттерiмiз сала жұмысын жүйелi жолға қояды деген үмiтте болдық. Шындығында шипагерлiгiмен танылған, бiлiмдi де, бiлiктi басшы — кадр ретiнде көрiнген жерлестерiмiз сала тiзгiнiн ұстай бастады.
Десек те, дәл осы жерде ұзақ жылдардан берi балалар ауруханасының бас дәрiгерi қызметiн атқарып келген М.Егiзбаевты облысымыздағы жаңадан салынып жатқан балалар ауруханасына дайындаудың орнына, облыстық клиникаға басшы етуi көңiлден шықпап едi. Өйткенi, сол кездегi облыс әкiмi Н.Әшiмов кадр мәселесiн “шымкентшелеп” шешуге кетiп қалған болатын. Балалар дәрiгерi облыстың маңдайындағы жалғыз клиникалық аурухана жұмысының өзiндiк спецификасы барын ескере алар ма деген, ол аз болса қызметте өзiн қолдаған ақ халатты адал жандардың еңбегiн танудың орнына, тоқмейiлсуге бой алдырғаны, тiптi елге белгiлi азамат бола тұра пендешiлiк “жеңiлдiкке салынуға”, барғандығы да гу-гу сөзге айналды.
Иә, “халық айтса, қалт айтпайды” екен-ау, бұл бүгiнде облыстық клиникалық аурухананың тiзгiнiн ұстап отырған М.Егiзбаевтың жаңа қызмет орнында жол берген келеңсiздiктерiне қарасаң, кешегi Дудниктi ерiксiз еске алып,”қара орысты көргенде, сары орысты “әке” дейсiннiң” нағыз өзiн көргендей болады екенсiң.
Кезiнде Дудниктiң “сенiмдiсi” — бас дәрiгер, әйелi — бөлiм бастығы болғанын айтпағанда, клиникада негiзiнен бұрыннан жұмыс iстеп келе жатқан бiлiктi де, бiлiмдi кадрлар, өз орнында қызмет iстедi. Ал,
клиникаға М.Егiзбаев бас дәрiгер болған соң, 100-ге жуық адам “өз еркiмен” қызметiнен кететiн сорақылықтың орын алатынын ешкiм де күтпеген шығар.
Амал не, қараңыз. Бас дәрiгер Елбасының өзi екi рет келiп, бiрiнде сала қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiн өткiзiп кеткен клиникадағы аяқталмаған күрделi жөндеудi соңына жеткiзудiң орнына және облыстық клиниканың аудандармен байланысын күшейтуде ел күтiп отырған қат-қабат iстерiн жолға қою орнына кадрлық “тазалау” жұмысымен ғана айналысқанын бiлгенiмiзде, шынымен осы бiз бiлетiн М.Егiзбаевтың iсi ме деп таңдандық.
Көп жылдан берi бас дәрiгер орынбасары болып iстеп келе жатқан, яғни, өзiнiң жақсы бiлетiн әрiптестерi:
1. Әдiстемелiк және төтенше жағдайды ұйымдастыру жөнiндегi;
2. Хирургиялық жұмыстар жөнiндегi;
3. Емханалық қызмет жөнiндегi;
4. Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм жұмысы жөнiндегi орынбасарларын;
5. Дәрiхана меңгерушiсiн сөзге келмей-ақ, “өз өтiнiштерiмен” қызметiнен босатып жiбередi.
Келесi кезек есеп бөлiмiндегi бас есепшi мен бас экономистi және кадр бөлiмi бастығына да жетiп, оларды да “өз еркiмен” қызметiмен қош айтыстырады. Бетiнен жел еспеген бас дәрiгер (бұйрықпен тағайындалатын қызметкерлер түгiлi, қоғамдық ұйым — кәсiподақ төрағасын босатуға дейiн ықпал жасаған көрiнедi. Бас дәрiгер бетiне келер ешкiм жоғын және адам тағдырымен, бiлiктi кадрлардың тағдырымен “ойнама” дейтiн жанның шықпайтынын сезiнген соң, осында көп жылдан берi қызмет iстейтiн, өздерiн қызметте көрсете бiлген кадрлар екенiне қарамай:
1. №1 емхананың
2. №2 емхананың
3. №1 хирургиялық бөлiмнiң
4. №2 хирургиялық бөлiмнiң
5. №1 жансақтау бөлiмiнiң
6. ЛОР бөлiмiнiң
7. Операциялық блоктың
8. ҰОС мүгедектерi терапия бөлiмiнiң
9. Бакзертханасының
10. Рентген бөлiмiнiң, яғни бақандай 10 бөлiмнiң меңгерушiлерiн қызметiнен “спокойно” босатып жiбере салады.
Тағы да сол “өз өтiнiштерiн” жаздыртып алу арқылы. Бұл — нағыз “шымкентшелеудiң” өзi болды.
Ендiгi кезек лауазымдық деңгейiне қарай “Аға медбикелердi” атқарып жүрген қызметiнен босатуға ауысады. “Сөйтiп, бас дәрiгер бөлiмдердiң жәй-жапсарын тереңнен бiлетiн, өз iстерiн талап деңгейiнде атқарып жүрген “Аға медбикелердiң” еңбегiн еш етiп:
1. Жасанды бүйрек бөлiмiнiң
2. № 1 реанимация бөлiмiнiң
3. №1 хирургиялық бөлiмнiң
4. Ауруларды қабылдау бөлiмiнiң
5. Өкпе және iрiң аурулары бөлiмiнiң де,
6. Операциялық блоктың да, яғни бақандай 6 жауапты қызметкердi жұмыстан босатып жiбередi. Бiр мекемеден аз уақытта 100-ге жуық қызметкер “өз өтiнiшiмен” сандалып кетуi — бұл облыстың ғана емес, ел тарихында болмаған фактi шығар-ау.
Арыз-шағым жазылды да. Қулығына құрық бойламайтын “жырынды” басшы өз әрекетiн қызметкердi қорқытудан, яғни оларға, өзiнiң заң органдарында достары көп, ешкiмнiң ешнәрсе iстей алмайтынынан бастап, талай сотта өзiнiң жеңiп шыққанын сағаттап отырып, қорқыта сөйлеп, “өз арызын” жаздырып алумен ойына келгенiн iстейтiн сияқты, одан кейiн тексерушi не iстей қойсын?
Адам тағдырын ойыншық көрiп, өзiмбiлермендiкке көшкен бас дәрiгер керектi кадрға да, жылаған көз жасқа да қарамай, аз уақытта осыншама адамды “былқ” етпей қызметiнен босатып жiбергенiне қарап, бұл өңiрде адам құқықтары сақталады деп ешкiм айта алмаса керек. Ал, сандалып қалған есепсiз медсестралар туралы бұйрықтар кадр бөлiмiнде бума-бума деуге болады.
Әкiмшiлiк басқару жұмысына басшы болғандарға “командамен” жүру сәл де болса қажет-ақ, шығар-ау. Ал, облыстың байырғы ауруханасына бас дәрiгер болып келген азаматқа бұрынғы iстеген жерiнен “завхоз” бен “техничкаға” дейiнгi қызметкерлердi алдырудың не күнi туды екен? Әлде, мұны М.Егiзбаев өзiнiң үлкен бастық болғанын дәлелдейтiн “мода” деп түсiндi ме? Әйтеуiр, басқа-басқа, дәл осы М.Егiзбаевтан күтпеген тiрлiк екен, бұл да.
Бiр клиникадан өз бұйрығымен 100-ге жуық қызметкердi босатып жiбергенiнде “шыбынның ызыңы” шықпағанына еркiнсiген М.Егiзбаев ендi клиниканың iшiнде бiлгенiн iстеуге шығыпты. Яғни, клиниканың 20-дан астам бөлiмдерiнiң әрқайсысынан бiр-екi палатаны ақылы етiптi. Бұл — жанына араша iздеп ауылдан келген қарапайым адамдар облыстық клиникалық аурухананың тәжiрибелi де, бiлгiр дәрiгерлерден көмек ала алмай, көзi жаутаңдап ауылына қайтады деген сөз. Оның үстiне әр койкадан күндiгiне алынатын бiрнеше мың теңге 20 бөлiмнен жиналғанда, бiр айдың өзiнде миллиондаған теңгеге айналса, оны мұндағылар “оборотқа” жiбермегенде басқа не iстесiн? Бұл аз болса, осы облыстың өркендеуiне өзiндiк сүбелi үлесiн қосқан дербес зейтеткерлер, ҰОС мүгедектерi мен қызметпен ат үстiнде жүретiн азаматтардың емделетiн №2 терапия — (бұрынғы спец.) бөлiмiнен ақылы палата ашып, олардың наразылығына бас дәрiгер “пысқырмаған” iспеттi. Ендi ол жердегi бiлiктi дәрiгерлерден тек комерсанттар, бизнесмендер ғана ем алып, шалқи басса, ҰОС мүгедектерi мен ардагерлерi орын таба алмай бүрсең қағуы өкiнiштi-ақ, емес пе?
Иә, облыстың медицина саласында кезiнде үлкен жауапкершiлiкпен жұмыс iстеген М.Егiзбаевтың еңбегiн жоққа шығарайын деп отырған жоқпыз. Оның мына әрекеттерi тоқмейiлсу ме, әлде қарамағындағылардың айтқанына көнiп, айдауына жүргенiне еркiнсiп кеткенi ме? Қалай десек те, бұл үлкен ұжымда кiсi сүйсiнерлiк жағдайдың жоқтығы белгiлi болды. Дәрiгерлердiң тiлiмен айтқанда, “аурудың алдын алу” ләзiм болса, бұл ұжымның басшыдан көрген сорақылығы облыста етек жаймасын десек, әрi Елбасымыздың қарапайым жандармен байланысты жақсарту керек деген ұстанымын өмiршең етемiз десек, онда еркiнсiген Н.Егiзбаевты ендi басшылық қызметтен босату керек сияқты. Ал, оның “екi бiрдей баланы тiрi жетiм” етiп, ұядай отбасыны тоздыруымен талайларды тiксiндiрген гу-гуiнiң бұл азаматқа сын боларлық сорақылықтар жайын анықтап жазу алдағы КҮННIҢ еншiсiне қалып тұрғандай. Өңiр жұртышылығының тағдырын тереңнен ойлап, оған сергектiк көрсетемiн деген облыс басшысы болса, онда бұл мәселенi дер кезiнде шешудi қолға алу керек-ақ.

 

 

О.ЖЫЛҚАЙДАРОВ, Шымкент қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608