Сейсенбі, 1 Қазан 2024
46 - сөз 4310 1 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 17:23

Әр қазаққа керек асқақ рух, өлмес жігер!

«New York Times» газеті «XXI ғасырдағы ең ержүрек бала» деген атпен керемет мақала жариялады. Американың спецназы сондағы Наввафа Зейдан дейтін шейхтың сарайын басып алмақ болып шабуыл жасаған ғой. Саддам Хуйсейннің 14 жастағы немересі Мұстапа Саддам Хусейн осы кезде үйде жалғыз өзі ғана тірі қалып, әлгілермен атыса жөнеліпті. Ағасына, әкесі мен қорғаушысына оқ тиіп, үшеуі де көз алдында қаза табады.

Сосын солдаттар үйге енді ентелеп кіре бергенде, Мұстапа оларға автоматтан оқ жаудырған. Американың 400 солдаты үйді айнала қоршап алады. Бала да беріспей, мергендердің мылтығымен 23 адамды жер жастандырып, екі жақ алты сағат бойы атысыпты. «Айналдырған жау алмай қоймайды» демекші, ең соңында америкалықтар ебін тауып, Мұстапаны мүлт кетіреді. Кейін, алты сағат бойы бір-ақ адаммен, оның өзінде жас баламен атысқанын көрген америкалық солдаттар өз көзіне өзі сенбей, кәдімгідей есеңгіреп қалған көрінеді.

Мақаланың соңына қарай «New York Times» газетінің журналисі Роберт Ейск былай деп жазған екен: «Егер бізден тура осындай батыр бала шығатын болса, әр қаладан ескерткіш ашып, оның ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі қылып айтатын едік!»

Жолымбет Мәкіштің парақшасынан

Abai.kz

1 пікір