Жұма, 20 Қыркүйек 2024
3023 0 пікір 18 Шілде, 2018 сағат 10:14

Қырғызстан мен Өзбекстан шекараға қатысты келіссөз жүргізді

9-15 шілде аралығында Ошта Қырғызстан мен Өзбекстан үкімет мүшелері шекараны делимитациялау және демаркациялауға байланысты келіссөз жүргізген. Бұл жөнінде Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Келіссөз кезінде Өзбекстанның Наманган мен Ферғана облысы және Қырғызстанның Баткен мен Жалал-Абад облыстары арасындағы шекара аумағы талқыланып, тиісті келісімге келген.

Қырғызстанның қауіпсіздік жөніндегі вице-премьері Жениш Разаков шекара аумағындағы учаскелерді бөлуге байланысты келіссөздің құпия өткенін, бірақ ресми түрде келісімге қол қойылған кезде жарияланатынын мәлімдеді.

2017 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан екі елді бөлетін 1378 шақырым шекараның 85 пайызын ресми шешкен.

Abai.kz

0 пікір