Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 3216 0 пікір 25 Ақпан, 2011 сағат 06:06

Эксимбанк газхимия кешен құрылысына ҚДБ-ға $1,38 млрд заем береді

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ - Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі (Эксимбанк) «Ықпалданған бірінші газхимиялық кешен және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету - бірінші кезең» жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан даму банкіне (ҚДБ) $1,38 млрд сомаға заем бөлді, делінген ҚДБ таратқан хабарында.

«Жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша, Қытайдың Эксимбанкі ҚДБ-ға «Kazakhstan Petrochemical Inc.» ЖШС-тің «Ықпалданған бірінші газхимиялық кешен және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету - бірінші кезең» жобасын қаржыландыру үшін $1 млрд 380 млн 400 мың сомасындағы несие бермекші», - делінген жұма күні таратқан ақпараттық баянда.

Хабарда айтылғандай, аталған кредиттік келісім 22-ші ақпанда ҚР президенті Н. Назарбаевтың Бейжіңге жасаған мемлекеттік сапары барысында жасалды. Құжат 2009-шы жылғы 1-ші тамызда ҚДБ мен Қытайдың Эксимбанкінің арасында отын-энергетикалық салада ынтымақтастық туралы жасалған $5 млрд мөлшеріндегі бас келісімшарттың нәтижесі болды.

«Қазақстан даму банкі» АҚ 2001-ші жылы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын несиелендіру үшін құрылған. ҚДБ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіреді.

0 пікір