Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3773 0 пікір 2 Маусым, 2018 сағат 16:25

"Нұр-Отан" партиясы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 7 партиялық жобаны іске асырды

"Нұр-Отан" партиясы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 7 партиялық жобаны іске асырды. Журналистермен және мектеп оқушыларымен кездесуде «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев осылай деді.

Оның айтуынша, Елбасының партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 22 жаңа жоба қолға алынып, оларды тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше меморандумдарға қол қойылған. Жаңа реформаның басты мақсаты – Қазақстанның эко­номикалық, саяси және рухани жаң­ғыруына жан-жақты қолдау көрсетудің тиімді тетігін қалыптастыру болып табылады.

Маңғыстауда барлығы ақысыз 35 IT-сыныбын ашу жоспарда бар. Әзірге оның төртеуі ашылды. Атап айтқанда Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы мектеп-интернаты, Қарақия ауданы Құрық орта мектеп гимназиясы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе мектеп лицейі және Ақтаудағы №23 орта мектепте.

«Мектептегі ІТ сабақтарын информатика пәні мұғалімі немесе ІТ мамандары жүргізеді. Жоба «Love to Code» бағдарламалармен жұмыс жасауды балаларға үйрету арқылы «html&css-мен web» бағдарламалауға және өз беттерінше сайт құрастыруға үйретеді. Аталмыш бағдарламаны 12 жастан жоғары «Codemonkey» бағдарламасын меңгерген бала тез алып кетеді. Бұл бастамалар мектептерде факультатив пәні ретінде енгізіліп, 3-6 айлық курс ретінде оқытылады. Оқыту процесі модульдік жүйе бойынша жүргізіледі және оқуға 8-16 жас аралығындағы балалар тартылады», — деді өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев.

Курс аяқталғанда балалар аналитикалық ойлау қабілетіне, инжинерлік ой қалыптастыруға, өзгеше ойлауға, уақытты дұрыс жоспарлауға, ірі тапсырмаларды кішігірім бөліктерге бөліп шешуге, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді.

Ал IT мамандар дайындау бойынша бағдарламалауды үйретуге жобаны іске асыра алатын IT мамандар, мұғалімдер таңдалып, алдын ала дайындық курстарынан өтеді. Маңғыстау облысы бойынша 328 IT маман әзірленетін болады. Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында мамандығы сәйкес келетін 21 жұмыссыз азамат IT мамандықтары бойынша оқытылады. Оқуды тәмамдаған мамандар облыстық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасып, қолдау табады. Мамандарды даярлау үстіміздегі жылдың шілде айынан басталады.

 «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Замира Пулатованың айтуынша, жаңа жоба аясында мектеп асханалары мен спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмысы жанданып, заман талабына сай қызмет көрсетпек.

«Партияның мектеп асханасына жіті көңіл аударуының басты мақсаты мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушыға мектеп асханасы кем дегенде бес жылға берілетін болады. Бұл жоба бойынша облыста 10 мектеп асханасының құжаттары мамыр айынан бастап әзірлену үстінде», — деді Замира Төреқұлқызы.

Спорт алаңдарына келер болсақ,  2018 жылы облыс бойынша 9 мектептің алаңы жаңартылып, мектеп асханасы сияқты мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға кемінде 5 жылға жалға берілетін болады. Жаңартылатын 9 спорт алаңының 7-і Ақтау қаласында, 1-і Жаңаөзенде Маңғыстау ауданында.

Төменгі сынып оқушыларына арналған «денсаулық сабақтарын» жазғы лагерьлерде үш тілде 30-ға жуық еріктілер мен тәрбиешілер оқытады. Бұл жоба жөніндегі шаралар 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Еліміздің кітапханаларын заманауи оқу орталығы ретінде қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы кітапхана қорын цифрландыруды қолға алды. Жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланып, оқырмандарға жаңа форматтағы «Рабис» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді.

Қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету меке­ме­сі ғана емес, қала, ауыл тұр­ғын­дары үшін зияткерлік дем­алыс орнына айналады. Кітапханаларда «Коворкинг орталықтары» пайда болды. Жұмыс істейтін басқа кеңістіктерден коворкингтің түбегейлі айырмашылығы бұл – түрлі кәсіби деңгейдегі, түрлі білім иелерінің ашық қоғамдастығы және кітапханаларды жетілдіруде үлкен қадам болып есептеледі. Коворкинг орталығында кез-келген адам кітапхананың материалды-техникалық базасын тегін пайдалана алады: ноутбуктарды, кітаптарды, ғаламторды, сондай-ақ, шәй немесе кофе ішуіне де болады.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» және бизнес қауымдастығымен бірігіп жасаған тағы бір жобасы —  «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын ұйымдастырды. Байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі. Байқау мамыр-маусым аралығында өткізіліп, қорытындысы жергілікті қатысушылар үшін 1-15 шілде аралығында, ал аймақтық жеңімпаздар 16-31- шілде аралығында анықталатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371