Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2874 0 пікір 11 Маусым, 2018 сағат 17:11

Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалығы аясында Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Іс-шараға ҰҚШҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің – Армения Республикасынан Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян, Беларусь Республикасынан сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Дапкюнас, Қазақстан Республикасынан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қырғыз Республикасынан Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Айбек Омокеев, Ресей Федерациясынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Республикасынан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысты.

Олар халықаралық күн тәртібі және Ұйым аясындағы сыртқы саяси ынтымақтастықтың одан әрі дамуы туралы пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша баяндалғандай, кездесу қатысушыларға Ауғанстандағы ағымдағы ахуал және оның даму перспективаларын бағалауды салыстыруға мүмкіндік берді.

Отырыс барысында Сириядағы дағдарыс тек саяси және дипломатиялық шаралар арқылы шешілуі мүмкін екендігі туралы жалпы ұстаным расталды. Осыған байланысты Сириядағы жағдайды тұрақтандырудағы Астана процесінің рөлі ерекше атап өтілді.

Тараптар АҚШ пен КХДР басшылары арасындағы алдағы келіссөздер Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы, қарусыздандыру және әлемдегі жаппай жою қаруын таратпау мәселелерін шешуде маңызды қадам болатынына үміт артады.

Сонымен қатар, күн тәртібіне ҰҚШҰ мен халықаралық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту енгізілген. Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымен сәйкес келді. Осылайша, Қазақстан аталған екі ұйым арасындағы күн тәртібін жақындастыру бойынша жұмыс жасайды.

Өз сөзінде Қ.Әбдірахманов Президент Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы қарашада Минск қаласында өткен мерейтойлық саммитте ұсынған басым бағыттарды іске асыру Кеңес отырысының басты тақырыбы болғандығын атап өтті.

Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту, жаһандық терроризмге қарсы күрес халықаралық жүйесін қалыптастыруға Ұйымның қатысуы, киберқауіпсіздік саласындағы қауіптерге қарсы тұрудың бірлескен тәсілдерін әзірлеу және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің нақты шараларын әзірлеу сияқты өзекті мәселелер басым бағыттардың қатарында.

Қазақстан ҰҚШҰ, ТМД, Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар және құрылымдармен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет деп санайды.

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің бүгінгі отырыс қатысушыларының көпшілігі Алматыға ШЫҰ саммиті өткен Циндао қаласынан келгендігін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасындажәне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде белсенді ілгерілеп келе жатқан Қазақстан Президентінің Терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі әрекет ету кодексін құру жөніндегі бастамасын одан әрі жүзеге асыру ҰҚШҰ серіктестерімен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты болып табылады. Осы құжаттың негізгі мақсаттары БҰҰ жүз жылдығына орай 2045 жылы контртерроризм және даму бойынша терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі серіктес елдердің кең халықаралық коалициясын құру болып табылады.

Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымды институционалдық тұрғыда нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы мақұлданды.

Кездесу барысында тараптар Орта және кіші қашықтықты зымырандарды жою туралы шарттың күшіне енуінің 30 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемені қабылдады. «Қазақстан осы тарихи келісімнің қатысушысы ретінде аталған құжатқа деген толық айнымастығын растайды және барлық тараптарды оны орындауға және сақтауға шақырады», - деді Қ.Әбдірахманов.

Жалпы, ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі бірқатар құжаттар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді. Олардың ең маңыздылары ағымдағы жылы күзде Қазақстанның төрағалығымен Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитінде Мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452