Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2630 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:02

БҰЛТТАРМЕН АСТАСҚАН ҮЙ

Әлемдік сәулет өнерінің жауһарларына өзіндік қолтаңбасын қосқан Астана архитектурасы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Бүгінде көз сүйсіндірер көркімен салтанат құрған елорданың ерекше архитектуралық ансамблінде дүние жүзінің белгілі сәулетшілерімен қатар өзіміздің архитекторла­рымыздың да еңбегі мол. Солардың бірі танымал сәулетші Шоқан Матай­беков. Жақында жерлес сәулетшінің Астана қаласында салына­тын "Бұлттармен астасқан үй" атты архитектуралық жоба­сы Әлемдік Архитектура Триеналында күміс медальға ие болды. Қазақстандық сәулетшінің әлемдік дәрежедегі осы жетістігіне орай біз Шоқан МАТАЙБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік.

-Аты да, заты да тосындау осы бір әлемдік конкурс туралы аз-кем түсінік берсеңіз.

Әлемдік сәулет өнерінің жауһарларына өзіндік қолтаңбасын қосқан Астана архитектурасы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Бүгінде көз сүйсіндірер көркімен салтанат құрған елорданың ерекше архитектуралық ансамблінде дүние жүзінің белгілі сәулетшілерімен қатар өзіміздің архитекторла­рымыздың да еңбегі мол. Солардың бірі танымал сәулетші Шоқан Матай­беков. Жақында жерлес сәулетшінің Астана қаласында салына­тын "Бұлттармен астасқан үй" атты архитектуралық жоба­сы Әлемдік Архитектура Триеналында күміс медальға ие болды. Қазақстандық сәулетшінің әлемдік дәрежедегі осы жетістігіне орай біз Шоқан МАТАЙБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік.

-Аты да, заты да тосындау осы бір әлемдік конкурс туралы аз-кем түсінік берсеңіз.

-Әлемдік Архитектура Трие­налы үш жылда бір рет ЮНЕСКО-ның және Халықара­лық архитекторлар академиясы­ның бастамасымен София қаласында өткізілетін өте беделді халықаралық байқаулардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде архитекторлар олимпиадасы десе де болады. Триенал бағдарламасы бойынша мұнда сәулетшілердің озық жобаларының конкурсымен қатар дүние жүзінің белгілі сәулет өнері шеберлерінің әртүрлі семи­нарлары, конференциялары және "ХХІ ғасырдың архитектурасы" атты көрме ұйымдастырылады. Бұл көрме бірнеше бөлімдерден тұра­ды. Атап айтқанда, Болашақтың архитектуралық құрылымы, Жаңа­лық және дәстүрлі архитектура, Ар­хитектура және экология, Мәң­гілік қалалар деп аталатын бөлім­дерде дүние жүзіне есімдері әйгілі сәулетшілердің өнер туынды­ла­рының озық үлгілері орын алады.

-Биылғы байқауға қанша жұмыс қатысты, кімдер жеңімпаз атанды?

- АҚШ, Англия, Франция, Германия, Қытай сияқты әлемнің барлық дамыған елдерінен бұл байқауға 300 жоба ұсынылған. Ме­нің жұмысымнан басқа байқауға Қазақстаннан сәулетші Берік Мол­жігітовтің еңбегі де ұсынылған болатын. Әлемдік байқауға төрелік еткен халықаралық беделді әділ­қазылар алқасы "Александриядағы су астындағы археологиялық мұра­жай" атты француз сәулетшісінің жобасына гран-при беруді шешіпті. Италия, Болгария және Австрия сәулетшілерінің үш жобасы бай­қаудың үш алтын медалін жеңіп алды. Менің байқауға ұсынылған архитектуралық жобам күміс ме­дальге ие болды.

- "Бұлттармен астасқан үй" атты осы жобаңыз туралы айтып өтсеңіз?

- Астана қаласының Шұбар шағын ауданында салынуға тиіс "Бұлттармен астасқан үй" архи­тектуралық жобасы биіктігі 320 метр болатын 70 қабатты зәулім ғимарат болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асырмастан бұрын мен Нью-Йорк, Гонконг, Шанхай қалаларының сәулет үлгілерімен жете таныстым. Жобаны іске асы­ру барысында осы қалаларда ор­наласқан ірі жобалық компания­ларда болып, өз еңбегімнің бола­шақ үлгілерін көрсеттім. Менің жобам барлық жерде қызығушы­лық танытты. Тіпті, басқа мемле­кеттер тарапынан бұл жобаны өз қалаларында салуға деген ұсы­ныстар да айтылды. Алайда бұл жоба елордамыздың авторы Елба­сының өзі мақұлдаған жоба бол­ғандықтан тек Астана қаласында салынатын болады. Қазіргі қар­жылық дағдарыс ахуалынан туын­даған уақытша қиындықтарға бай­ланысты бұл ғимаратты салу жұ­мысы кейінге қалдырылды. Алдағы уақытта осы жоба бойынша салы­натын ғимарат Астана қаласының қайталанбас сәулет өнеріне сән қосатындығы сөзсіз.

Әрине, әлемдік дәрежедегі Архи­тектура Триеналының күміс медалі жақсы ғой. Бірақ еліміздің абыройы, мемлекетіміздің мерейі одан да қымбат. Бұдан бұрын да менің еңбектерім халықаралық дәрежеде бағаланып жүр. Атап айтқанда, Алматыдағы "Отырар" мәдениет орталығының ғимараты, Мұхтар Әуезов мұражайының ғи­ма­раты, Астана қаласында салы­нуға тиіс "Бал-балтас" әмбебап кешенінің жобасы бұдан бұрын халықаралық беделді байқаулардың медальдеріне ие болған. Ал өткен жылы Бішкек қаласында өткен халықаралық форумда "Дубай қала­сындағы он мың орындақ мешіт" атты менің архитектуралық жобам гран-приді жеңіп алды. Әрбір сәулетші үшін өзінің еңбе­гінің нақты жүзеге асқаны қайта­ланбас қуаныш екендігі даусыз. Сондықтан Астана қаласының тамаша архитектуралық үлгілерінде менің де қолтаңбам қалатынды­ғына өзімді бақытты санаймын.

-Барша қазақстандықтардың мақтанышына айналған Астана қаласының архитектурасы туралы не айтасыз?

-Елбасының ерен ерлігі нә­ти­жесінде ХХІ ғасырдың ғажа­йыбы атанған Астана қаласы аңыздан ақиқатқа айналды. Бұл әсіресе, біздің еліміздің сәулет­шілері үшін ұлы мектеп, қайта­ланбас тәжірибе тәлімі. Жаһан­дану заманының үрдістеріне орай Астана архитектурасында әлемнің сәулет өнерінің ең озық үлгілері көрініс тапты. Соған қа­рамастан, бүгінгі Астана қала­сы­ның архитектурасы ұлттық на­қыштарға, қайталанбас халықтық тәжірибеден туындаған үлгілерге де толы. Бұл ең алдымен, елор­даның бас архитекторы Нұрсұл­тан Назарбаевтың өшпес еңбегі екендігі даусыз. Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал қала құрылысы мәң­гі жалғасады. Астана архи­тектурасы болашаққа жалғасатын ел мерейі екендігі хақ.

- Әңгімеңізге рахмет.

 

 

Әңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613