Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2336 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:05

Хан қабірін анықтау — қасиетті парыз

Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қанын төккен, халқының тәуел¬сіз¬дігі үшін тебінгісі терден кеппеген баһадүр-батырлары¬мыздың ішінде Әбілқайыр ханның орны бір төбе. Қазақ даласына сұғына кірудің сұрқия саясатын ұстанған Ресей мен шығыстан құмырсқадай қап¬таған күнгейдегі Қытай көзін алар¬тып тұрған қиын да күрделі кезең¬де ел билігінің тізгінін ұстаған ба¬тыр бабаларымыздың қай-қай¬сы¬сының да ерлігі мен еңбегін елеп-ес¬керуіміз керек-ақ. Әйтсе де, әлсін-әлсін ұлан-ғайыр ұлы далаға шапқыншы¬лық жасаған жоңғарлар мен құба қалмақтардың бетін қай¬тарып, сабасына түсіруде, керек болса сайын даламыздан тырқыра¬та қуып шығудағы Әбілқайыр ханның жанкешті ерлігін тарих¬шы¬лар әлдеқашан таразыға тар¬тып, өткен күндердің еншісіндегі талассыз орнын тайға таңба бас¬қандай дәлелдеп те қойды.  Осындай алмағайып за¬ман¬да ата жұртқа көлденең көк ат¬ты¬ның табаны тимес үшін батыр¬лықтың да, батылдықтың да, үл¬кен саясаткерліктің де үлгісін көр¬сеткен Әбілқайыр ханға қанша¬лық¬ты құрмет көрсетіп келеміз дегенде ұялатын тұсымыз да бар.

Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қанын төккен, халқының тәуел¬сіз¬дігі үшін тебінгісі терден кеппеген баһадүр-батырлары¬мыздың ішінде Әбілқайыр ханның орны бір төбе. Қазақ даласына сұғына кірудің сұрқия саясатын ұстанған Ресей мен шығыстан құмырсқадай қап¬таған күнгейдегі Қытай көзін алар¬тып тұрған қиын да күрделі кезең¬де ел билігінің тізгінін ұстаған ба¬тыр бабаларымыздың қай-қай¬сы¬сының да ерлігі мен еңбегін елеп-ес¬керуіміз керек-ақ. Әйтсе де, әлсін-әлсін ұлан-ғайыр ұлы далаға шапқыншы¬лық жасаған жоңғарлар мен құба қалмақтардың бетін қай¬тарып, сабасына түсіруде, керек болса сайын даламыздан тырқыра¬та қуып шығудағы Әбілқайыр ханның жанкешті ерлігін тарих¬шы¬лар әлдеқашан таразыға тар¬тып, өткен күндердің еншісіндегі талассыз орнын тайға таңба бас¬қандай дәлелдеп те қойды.  Осындай алмағайып за¬ман¬да ата жұртқа көлденең көк ат¬ты¬ның табаны тимес үшін батыр¬лықтың да, батылдықтың да, үл¬кен саясаткерліктің де үлгісін көр¬сеткен Әбілқайыр ханға қанша¬лық¬ты құрмет көрсетіп келеміз дегенде ұялатын тұсымыз да бар.
Рас, Әбілқайыр туралы та¬рихи зерттеулер, әдеби шығар¬ма¬лар бар¬шылық, жер-жерде ескерткіш ор¬натылып, көше атауларын да берге¬німіз рас. Дегенмен, батыр баба¬мыздың сүйегі қай жерде жатқанын біле тұра, дәл нақтылап тауып, басы¬на кесене орнатып, қа¬сиетті орын¬¬ға айналдыра алмауы¬мыз¬ды күні өткен кеңестік саясат¬пен бүр¬кемелеудің реті жоқ. Екі ру¬дың ара¬сындағы дау-жанжалда екі кісіні ат¬тан түсіргенді батыр деп, екі адам¬ның арасындағы дау¬ды бітістіргенді би деп ала¬шапқын болып жатқа¬ны¬мызда ел үшін етігімен су кешкен, халқы үшін қаһармандық ерлік көрсеткен, қалың қазақтың қамын жеп іс қылған саясаткер Әбілқайыр хан тұлғасын әлде де биіктете түссек еш артықтығы жоқ.  Әбілқайыр хан жер¬ленген орынды анықтау мәсе¬лесін тал¬қы¬лау¬ға арналған көшпелі топ¬тың кеңе¬сінде Қазақстан мен Ресейдің археолог, антрополог, этнолог, та¬рихшы ғалымдары бұл бағытта қан¬дай шаруалар атқарылу қажеттігін тағы бір түйіндеп алды. Содан кейін көш¬пелі жұмыс тобы құрамын¬дағы Қазақстанның халық жазушысы, сенатор Әбіш Кекіл¬байұлы мен Ш.Уәлиханов атын¬дағы Тарих және этнология инс¬титуты этнология және антропо¬логия бөлімінің меңгерушісі, этно¬археолог, этнолог, тарих ғылым¬дарының докторы, про¬фес¬сор Серік Әжіғали Әбіл¬қай¬ыр хан жерленген Ақтөбе облы¬сы, Әйтеке би ауданы аума¬ғындағы “Хан моласы” қоры¬мына ат басын тіреді. Мақсат – Өлкейек және Қабырға өзен¬дері¬нің қиылысының батыс беткейіндегі “Хан моласы” қорымындағы Әбілқайыр бейітін анықтау.
“Хан моласы” туралы дерек¬тер ХVІІІ – ХІХ ғасырдағы орыс жи¬һанкездері мен ғалым¬дарының, шенеуніктерінің жаз¬баларында көп кездеседі. Олар¬дың дәйектеуінше, ол тастан соғылған жарты шар¬шылы кесене ретінде салынған. Батыс жағында кіретін ойық болған. Мұнда батыр сол кездің үрдісі бойынша киімімен және қару-жарағымен жерленгені мәлім.
Үш ғасырға жуық уақыт өтіп кеткендіктен, бұл қорымдағы мола¬лардың бәрі де құлап, төбе¬шік болып қалған. Қазір хан моласы қайсы, қарашаның бейіті қайсы, айырып болмайды. Хан моласын біледі-ау дегендердің бәрі де дүниеден озған. Уақыт өз дегенін істеген, жер бедері де өзгерген. Бұрынғы қыраттың өзі тегістеліп кеткен. Сондықтан “Үркер” рома¬нын жазар кезде осы өңірде бо¬лып, хан мола¬сы¬ның құландысын көрген қарт¬тар¬мен кездесіп, әңгі¬мелескен Әбіш аға Кекілбайұлына жүгіну¬дің өзі кім-кімнің бойында үлкен үміт ұялатқаны шындық.
Арада өткен отыз жылға жуық уақыт та өз ізін қалдырса керек, халқымыздың біртуар ұлы Әбіш аға да әрлі-берлі өтіп, жер бедерін бағамдап барып өзі кездескен ақсақалдардың айтуы бойынша көрген моланың ор¬нын тапқандай болды. Сол кездері естігендерін көз алдына елестеткен, өзі көрген моланы жадында жаңғыртқан Әбекең бір зиратты шамамен осы орын болуы керек деп белгі қақ¬тырды. Осылай қорымды аралай жүріп, басқалай да болжам¬дардың болуына орай тағы да бір моланың орны белгіленді. Сөйтіп, бір пәтуаға келген олар әзірге осы зираттарды қазуға болады деген тоқтамға келді.
Біз Қазақстанның халық жазу¬шы¬сы, сенатор Әбіш Кекілбайұлы¬ның Әбілқайыр хан моласын анықтау барысындағы пікірлеріне құлақ қоюды жөн санадық.
– Әбілқайыр ханның жерлен¬ген зираты тура осы жерде екені¬не күмән жоқ. Бұл жөнінде орыс бас¬па¬сөздерінде көп жазылған. В.Н.Ви¬тевскийдің, А.И.Левшиннің, Н.П.Ры¬чковтың еңбектерінде Әбіл¬қайырдың қазіргі Ақтөбе облысы, Әйте¬ке би ауданы, “Хан моласы” деген жерде жерленгені туралы деректер келті¬ріледі. Әбілқайырдың әйелі Бопай, баласы Нұралы осы Арақарағай деген жерде отырғанда Николай Рычков келіп, Әбілқайыр ханға берілген асқа қатысып, сонда осы жерде оның зи¬раты үстіне көк күмбез тұрғызыл¬ғанын жазады. Бұл күмбездің сипат¬тамалары да бар. Күмбезді тұрғызуды Әбілқайыр өлгеннен кейін Ригельман деген орыс инженеріне тапсырады. Бас¬тап¬қыда Әбілқайырға кесенені Бес¬тамақтан, сон¬дай-ақ, Ембі өзенінің орта тұсын¬дағы қазіргі Бекет атаның атасы жатқан жерге салуды ұсынады. Алайда, орыс үкіметі уа¬қытша деп сал¬дырады. Бұл келі¬сімге кезінде Әбдіразақ Смайылов деген Жаман¬қаланың атаманы қатыс¬қан. Жалпы Әбілқайыр хан¬ның өлімі ту¬ралы әрқилы айты¬лады. Бірінде бел¬гісіз қазақ жанжал үстінде Әбілқайыр¬ды аттан жығып түсіріп, оған Барақ сұл¬тан пышақ салды десе, екіншісінде ханның хонтайшыға аманатқа берген бала¬сы аттан түсірді деген де болжам бар. Тіпті кейбіреулер сол оқиға¬ның қа¬лай болғаны белгісіз дегенді де алға тартады. Әңгіме ханның қалай өлтіріл¬гендігінде, кімнің қолынан қаза тап¬қан¬дығында емес, нақ осы жерде жат¬қандығына көз жеткізу. Бір анығы – ханның осы қорымда жат¬қаны дау¬сыз шындық. Бұл жерде ең бірінші зират Әбіл¬қайыр хан¬ға салынған. Зираттар он тоғы¬зыншы ғасырдың аяғы¬на дейін әртүрлі жағдайда сақта¬лып жеткен, кейін қираған. Сол қиран¬дылардың соңы соғыстың алдындағы жыл¬дарға дейін жеткен. Сол кездерде зират¬тар¬ды көрген, кімдікі екенін айы¬ра ала¬тындай ақсақалдар бол¬ған. Солардың көбі кезіндегі Тор¬ғай облы¬сының қазақтары. Кезінде маған жөн сілтеген кісілердің өзі өмірден озған. Жер бедері де мен келгендегіден көп өзгерген. Жылдар өте келе зират жер болып, ізі табылмай қалуы бек мүмкін. Сондықтан хан зиратын анықтауды бұ¬дан әрі кешіктіруге болмайды. Солар¬дың айтуынша, Әбілқайыр¬дың зираты осы қорымның сол¬түстік-шығыс мүйі¬сінде деген дерек бар. Қазір біз бұл жер¬ден Орын¬бордан келетін екі қара жолдың өтетініне көз жеткізіп отыр¬мыз. Бірін¬шісі Сәтбай жолы, екіншісі қазіргі Өлкейек өзенін жағалай өтетін жол. Енді осы екі жолдың бойын да зерттеу керек. Солтүстік-шы¬ғыс мүйіс¬тегі мен көрсеткен қабірді де, Сәтбай жолының солтүстік-теріскей батысын¬дағы зиратты да. Қайсысы ханның зи¬раты болып шығады, соған тоқтам жаса¬лады, – деді Әбекең. Ол хал¬қы¬мыздың тарихында ерекше орны бар тұлға Әбілқайыр ханның қабірін анық¬тап, басына кесене орнату исі қазаққа ортақ, маңызды іс екенін атап айтты.
Ал 1998-2008 жылдар аралы¬ғында “Хан моласы” қорымында кешенді зерттеулер жүргізген экспедициялар¬дың жетекшісі Серік Әжіғалидың айтуынша, ол еліміздің аумағындағы көне ескерткіштерді зерт¬теумен 35 жылдан бері айналы¬сып келеді екен. Осыдан 35 жыл бұрын Ақтөбе облысында тіркеуге алынған ескерткіштер саны үш-төртеу ғана болса, бүгінде 400-ге жуықтап отырған көрінеді.
– “Хан моласы” да көне қорым. Мұндағы кейбір қабірлер ХVІ ғасыр¬дан қалыпты. Қорым Қабырға өзені¬нің Өлкейекке құяр тұсынан 4 ша¬қы¬рым қашықтықта тұр. Бұл маңды ер¬теде Жаппас және Алтын рулары ме¬кен етіпті. Қазір мұнда тек төм¬пе¬шіктер мен кей тұстардағы құлпы¬тас¬тардан басқа ештеңе көзге ілікпейді. Бір кездердегі күмбезді тамдар жер¬мен-жексен болған. Біздің зерттеу¬ле¬ріміздің нәтижесінде бұл қорымда 942 қабір бар екені анықталып отыр. Әбілқайыр хан сүйегінің осы қорымда жатқандығын ел аузын¬дағы деректер ғана емес, орыс зерт¬теушілерінен қал¬ған жазба деректер де растайды. “Хан моласы” туралы 1771 жылы жазылған Н.Рычков¬тың, 1832 жылы жазылған А.Лев¬шиннің, 1835 жылы жазылған Д.Эристовтың мақалаларында айты묬ған. Сондай-ақ, Кіші жүзге белгілі адам, патша армиясының полковнигі Дербісәлі Беркімбаев та Әбілқайыр ханның зираты осы жерде екенін, күтімсіздікке ұшыра¬ғанын “Торғай” газетіне жазған екен. Ал И.Крафт 1898 жылы “Хан моласының” Тор¬ғай¬дан 80 шақы¬рым жерде екенін, хан қабірінің ба¬сында өсіп тұрған ағаш барын жа¬зып қалдырған, сондай-ақ қазақ¬тардың ол жерді қасиетті орын санайтынын да атап көрсеткен. Де¬ректерде Әбілқайыр ханның қып¬шақ дәстүрімен жерленгені айтыл¬ған. Яғни, қару-жарағы өзімен қоса көмілген. Қабір басына ханның ұлы Нұралы 12 терек еккен деседі. Содан бір түп ақ тал ғана қалып, кейін най¬за¬ғай түсіп жанып кеткен. Сол ақ тал¬ға хан жер¬ленген жерді кие тұтушы¬лар ақтық байлайтын болған. Хан қабірін нақты анықтауда зерт¬теушілер осы деректерге сүйеніп отыр. Қо¬рым¬дағы қай қабірде қару-жарақ бар, қай тұстың то¬пыра¬ғынан ағаш ізі байқалады?.. Әрине, бұдан 260 жыл бұрын егілген ағаштың орнын табу оңай емес. Зерттеушілер осы заманғы техниканың мүмкін¬діктерін пайда¬лану¬ға тырысып отыр. Қажетті ма¬ман¬дар жан-жақтан, тіпті, шетелдер¬ден де шақырылған. Айталық, 2007 жылы Бельгия мен Италиядан келген мамандар қорымды дельтапланмен ұшып жүріп әр түрлі биіктен суретке түсірген. Ал қабірлерде металл бар-жоғын анықтау үшін георадар пайда¬ланылған. Сол арқылы 942 қа¬бір¬дің арасынан зерттеу нысаны ретінде бірнешеуін таңдап алуға мүмкіндік туыпты. Зерттеу жұмыстары әзір аяқ¬талған жоқ. Дегенмен, Әбіл¬қайыр хан зи¬ратын нақты анық¬таудың алғы¬шарт¬тары жеткі¬лікті. Бұған Ақтөбе облысының әкімі Елеу¬сін Сағын¬дықов бастамашы болып, хан моласын тезірек та¬буға жан-жақты қол¬дау көрсе¬туге әзірлігін мәлім¬деді. Ендігі қалған шаруа біздің еншімізде, – деді Серік Әжіғали.
Осы шаруаның басы-қасын¬да жүрген Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қор¬ғау жөнін¬дегі инспекциясының бастығы Бекарыстан Мырзабаев “Хан моласы” сияқты тарихи орынды зерт¬теу сонау жетпісін¬ші жылдар¬дың аяқ кезінде басталған дейді. Бұған дейін тың жатқан тың та¬рихқа түрен салған Әбіш аға Ке¬кілбайұлы десек артық айтқандық болмас. Әбе¬кең сол келгенінде Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылының тұрғындары Байназар, соқыр Рамазан деген қарттармен әңгі¬мелесіп, хан мола¬сының қай жерде екенін сұрап біледі. Кейін Торғай облысында хатшы болып тұрғанында Өзбекәлі Жәні¬беков ағамыз да осында арнайы тік¬ұшақпен келіп, бір топ ақсақал¬дар¬ды алып, хан моласына зиярат етіп қайтады. 1983 жылы этно¬археолог-этнолог, тарих ғылым¬дары¬ның докторы Серік Әжіғали¬дың келуімен бұл ба¬ғыттағы шаруа жүйелене түскен. 2007 жылы Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың ерекше тапсырмасы бойынша “Хан мола¬сында” зерттеу жұ¬мыс¬тары жалғас¬тырылған. Айна¬ла тоқсан шақы¬рым жерде елді мекен жоқ. Аққұм ауы¬лы¬ның тұрғындары көп жәрдем бер¬ген. Ханның қабірі қорымның үсті¬мен өтетін Жаман-қала, Хиуа, Бұқара күре жолының оң жа¬ғында батыс жақ шетте жатыр деген бол¬жам басшылыққа алы¬нып, қазба жұмыстары жүргі¬зіліпті. Әзірге хан қабірі табыл¬мапты. Әуеден түсіріл¬ген сурет¬тің нәтижесінде қорымды көк¬тей өтетін көне жол анықталып отыр.
“Хан моласында” қонақтар¬мен бірге болған Ақтөбе облы¬сының әкімі Елеусін Сағынды¬қов экспе¬диция жетекшісі Серік Әжіғалиға Әбілқайырдың сүйегін табу бағы¬тындағы қабірлерді қазба жұмыс¬тарын мейлінше тездетуді қадап тапсырды. Оған қажетті қаржының да, қазба жұмыстарын жүргізуге қа¬жетті адам күшінің де табылаты¬нын жеткізді. Оларға барлық тұр¬мыстық жағдай жасауға уәде берді. Бүл бағыттағы мәселелерді ортақ ойласып шешу үшін өзінің есігі қашанда ашық екенін мәлім¬деді. Әбілқайыр ханның қабірі нақты анықталған кезде оның басына лайықты кесене тұрғызы¬латынын айтып, жинал¬ғандардың көңілін көтеріп тас¬тады. Алайда, сәулетшілер тара¬пынан дайында¬лып жатқан жо¬баларға конкурс жарияланаты¬нын да жасырмады. “Хан мола¬сы” басына жиналған халық эпостық кейіпкер Қобылан¬ды батырдың рухын тірілтіп, басына көрген жұрт қызығатындай ке¬сене тұрғызуға бастамашы бол¬ған Елеусін Наурызбайұлының уәдеде тұратынына күмәнсіз сенді.
...Әбілқайыр хан жерленген орынды анықтауға байланысты көш¬пелі жұмыс тобының “Хан мо¬ласының” басында болу ша¬рବсын¬да жиналғандарға Әйтеке би ауда¬нының әкімі Есімхан Есенбаев батыр бабамыздың рухына арнап ас беріп, құран бағыштатты. Қонақтар¬ға “Қара¬бұтақ” және “Құмтоғай” ЖШС директорлары Аманғали Бер¬далин мен Чемоданов, Қарабұ¬тақ ауылдық округінің әкімі Зоя Бөлекова бастаған ауылдықтар тікесінен тік тұрып қызмет етті. Бұл Әбілқайыр хан бабамыздың рухына тәу етудің үлгісіндей болды.

 

 

Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618