Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3483 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 07:02

Қазақ баспасөзіне үндеу

Қазақ халқының азаттығы үшін алдарына ұлы мақсат қойып, «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!» деп серт еткен ұлт ардагерлерінің көш бастауында, қайнар көзінде Алаш жұрты екі дүниеде атын ұран ғып айтар, өнегесін өмірлік ұстанымға айналдырар Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тұр.ХХ ғасырдың басында бүтін ұлтты қайта түлеткен, аттан түскен Алаштың жаңа замандағы ұлт-азаттық күресінің қолбасшысына айналған әрі бүгінгі біз алшаңдай басып жүрген алып даланың төрт құбыласын бүтіндеп заңды еткен, қазақ ғылымы мен әдебиетінің, саяси мектебінің негізін қалаған азаматтардың алтын қазығына айналған Әлихан Бөкейханның 5-ші наурыз дүние есігін ашқан күні. Биыл - 145 жылдығы.

Біз үнсізбіз. Жо-жоқ, жұдырықтай жүрегіміз «Алаш» деп атқақтап, алпыс екі тамырымыз «Қазақ» деп соғып тұр. Жан-дүниеміз «Жасасын, Алаш!» деп моданақтай жер шарын жаңғырықтандырып жатыр. О бастан ояу санамызда Алаштың жолы сайрап тұр. Ойымызды, бойымызды аяулы Әлиханға қарап түзеп тұрмыз. Қапасқа түскен сәуледей, мәңгі жанған шамшырақтай алдымызда - Әлихан!

Қалың қазаққа қанатымен су сепкен қарлығаштай «Қазақ» газетін ашқан да Әлекең еді. Сол «Қазақ» газетінен басталған қазақтың сөзі өлген жоқ! Қазіргі қазақ баспасөзі қазақтың қамал қорғанына айналды. Кез-келген мемлекеттік һәм ұлт мәселесінде жұмылған жұдырықтай елдің мүддесін алға шығарып, бірлікте билікке де ықпал етіп отырған қазақтың баспасөзі.

Ғасыр өтсе де қазақтың «көзі, құлағы, һәм тілі» болып келе жатқан қазақ баспасөзі аса ардақты Әлихан Бөкейханның атаулы мерейтойын атаусыз қалдырмақ емес.

Ендеше, қалам ұстаған қазақтың ұл-қызы, Әлихан Бөкейханның ісі мен өнегесін Азат Алаштың жадында қайта жаңғыртып, 145 жылдығын ұлы дала төсінде ұлан-асыр той етіп өткізуге ұйытқы болу бәріміздің ортақ, қасиетті парызымыз!

Міне, осы істің үдесінен шығуға әрбір газет-журнал, радио мен телеарна Әлихан Бөкейханның қызметі мен өмірін Алты Алашқа жар сала жазса, айтса деген өтініш бар. Бұл  ортақ талап!

Ұлы тұлғасын ұлықтайтын, асылын ардақтайтын, ұлттың үні екенімізді досты сүйсінтіп, дұшпанды күйінтіп, тағы бір мәрте айғақтай паш ететін сәт туды. Әлихан үшін аянба, Алаш қаламы!

«Абай-ақпарат»

Редакциядан:

Құрметті әріптестер!

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен саяси қызметі, шығармашылығына қатысты деректер, зерттеулер, мақалалар, сурет қажет болса, abai.kz сайтының «Алашорда» бөлімінен алып пайдалануларыңызға болады. Немесе редакцияға хабарласыңыздар. Байланыс телефоны: 8 727 396 90 71

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328