Бүгінгі Сот қазаққа көп дүниені дәлелдеді
Бүгінгі Сот қазаққа көп дүниені дәлелдеді.
1. Шеттегі қазаққа "Отанға орал, қорғайтын халқың, қолдайтын елің бар" дегенді дәлелдеді.
2. "Әділдік жоқ, шындық өлген" деген уақытта әділ соттың аз, бірақ әлі де тірі екенін дәлелдеді.
3. Халықтың жиналса күш, біріксе алмайтын қамалы жоғын, бір жеңнен қол шығарғанда жеңіс боларын дәлелдеді.
4. "Қазақтың рухы өлді" дегендерге тірі екенін, тіпті асқақ екенін дәлелдеді.
5. Әділетті қоғам, құқықтық мемлекет құруға болатынын дәлелдемесе де, көрсетті. Үміт сыйлады.
6. Билік пен халық арасындағы көпірді қайта жалғауға боларын дәлелдеді.
7. Бүгінгі соттан соттық жүйе де, ұлттық рух та, билік пен меморгандар да ұпай жинап қайтты. Бастысы Сайрагүл балаларымен қауышты. Менде бүгін негатив жоқ. Көңіл-күй тамаша.
Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz