"Өмірбек Текебаев денсаулығы нашарлағаннан емес, тексерілу үшін ауруханаға жатқызылды. Ол конвойдың бақылауында. Ауруханада қанша уақыт жататыны белгісіз", - деп хабарлады мемлекеттік жазаны атқару қызметінің баспасөз қызметі.
"Ата мекен" партиясының лидері Өмірбек Текебаев және Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында ұсталған. Олар 2010 жылы Ресей азаматы Леонид Маевсийден "Мегаком" компаниясының акциясын сатып алуға көмектесу үшін 1 млн доллар пара алды деп айыпталып, сегіз жылға бас бостандықтарынан айырылған.
Сотталушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды, саяси астары бар деп біледі.
Abai.kz