Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
5143 1 пікір 2 Тамыз, 2018 сағат 09:19

БАҚ: ресейлік журналистерді ОАР-да өлтірерден бұрын тергеген

"Зерттеулерді басқару орталығы" Орталық Африка Республикасында ресейлік журналистердің қазасына дербес зерттеу жүргізе бастады. Бұл туралы жобаны "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

ЗБО – Михаил Ходорковскийдің журналистік жобасы. Дәл осы жоба үшін Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченко Африкаға "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы туралы деректі фильм түсіруге барған.

Бұның алдын журналистердің қазасы туралы мәлім болды. Олардың автокөлігін Банги қаласына жақын маңда атқылаған делінді. Бұған қоса оларды тонағысы келген болуы керек деген хабар тарады. ЗБО-ның хабарлауынша, журналистердің видео және фотоаппаратуралары, сонымен бірге тоғыз мың доллары болған.

Ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, шабуылға жергілікті "Селека" террористік тобының қатысы болуы мүмкін. Журналистерді өлтірерден бұрын содырлар оларды тергеген деген мәлімет бар.

Джемальдың, Расторгуевтің және Радченконың денелерін Ресейге 4 тамызда жеткізеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730