Жұма, 30 Мамыр 2025
46 - сөз 5236 5 пікір 3 Тамыз, 2018 сағат 12:00

Лақтырған тасың әкеңе тиіп кетпесін!

Диоген ақсақал көшеде келе жатса, бір ызақор сотанақ өткен-кеткенге тас лақтырып, елді әбіржітіп тұр екен. Қария әлгі балаға тоқтау айтып, тыныштандырмақ болады. Сөйтсе, жаңағы жұғымсыз одан бетер құтырып кеткен ғой...

- Апырай, бұл неткен бала? Ата-анасы бар ма? Кімнің ұлы, бұл өзі?! - дейді, Диоген.

- Е, қария, бұл өзі бір жезөкшенің некесіз тапқан баласы еді, - депті, маңайдағы жұрт.

Сонда Диоген қолымен басын қорғаштай тұрып, көпшілікке тас атуын тоқтатпаған балаға:

- Әй, балақай, байқа, лақтырған тасың әкеңе тиіп кетпесін! - деген екен.

Қанат Ескендірдің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2999
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4742