Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2898 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:09

Бақытяр ӘБІЛДАҰЛЫ. Мәселенің байыбына барайық

6 маусым күні “Егемен Қазақстан” газетінде “Наурызбай батырдың бейіті табылды” деген мақала жарияланыпты. Мұны оқығанда еріксіз таңғалдық. Өйткені, Наурызбай батырдың бейіт-кесенесі Алматы облысының Тарғап ауылынан оңтүстікке қарай Қозыбасы тауындағы Бас ба¬тыр, Дегерес аймағына апаратын жолдың жаға¬сында тұр. Мен зерттеуші ретінде бұл кесенені сәл бұзыла бастаған кезінде – 1996 жылы тамыз айында көрген едім.

6 маусым күні “Егемен Қазақстан” газетінде “Наурызбай батырдың бейіті табылды” деген мақала жарияланыпты. Мұны оқығанда еріксіз таңғалдық. Өйткені, Наурызбай батырдың бейіт-кесенесі Алматы облысының Тарғап ауылынан оңтүстікке қарай Қозыбасы тауындағы Бас ба¬тыр, Дегерес аймағына апаратын жолдың жаға¬сында тұр. Мен зерттеуші ретінде бұл кесенені сәл бұзыла бастаған кезінде – 1996 жылы тамыз айында көрген едім.
Шапырашты Наурызбай батыр кесенесі кейін жөнделіп, стела орнатылып, 2003 жылы күзде Тарғап ауылында қазақтың талай бетке ұс¬тар майталман тарихшылары, жазушылары қа¬тысқан ғылыми конференция өткізіліп, ас беріл¬ген-ді. Бұдан сәл бұрын әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде де ғылыми- теориялық конференция өткізіліп, ондағы баян¬дамалар жеке жинақта жарияланған. Мен де зерттеуші ретінде Шапырашты Наурызбай батыр туралы Ресей архивтеріндегі кейбір деректерді алғаш рет жариялап, ғалымдар, батыр ұрпақтары тарапынан ризалық естіп, қолқалау болған¬дық¬тан тарихи деректі роман жаза бастаған едім. Бұл романның қолжазбасы ҰҒА Тарих және эт¬нология институтында, Жазушылар одағы тарих¬шы ғалымдардан, батыр ұрпақтарынан, жазушы¬лардан құралған комиссияда талқыланып, ма¬құл¬данған еді. Бірнеше жылға созылған зерттеу барысында шапыраштыдан шыққан атақты алты Наурызбай бар екендігі белгілі болған. Солардың біреуі ретінде Сарқан ауданындағы Наурызбай би қабірі де сөз етілген. Мен бұл жайында ро¬ман¬ның алғысөзінде жазғаныммен, Наурызбай батырдың ұрпақтары бұл жай оқырмандарды шатастырады деген ниетпен алып тастапты. Сірә, олар атақты Қаракерей Қабанбай батыр¬дың моласы 9 жерде деген сөз көп кедергі бол¬ғандығын ескерген шығар. Атақты алты Наурыз¬байдың арасында шешен де, би де, тіпті ақын да бар екендігін айта кеткен жөн. Жалпы, Нау¬рызбай есімі қазақтың әр ауылынан-ақ табылады. Ал сарқандық азамат Жантас Рашатов өз сұхбатында аға сұлтан Сөк Абылайханұлы бастаған 20 сұлтан мен бидің мөрлері басылып, таңбалары қойылып, барон Врангельге 1848 жылы жазылған хаттан “Уюсуновский волости из отделения Чапырашлы би Наурызбай кочуя с волостями между Аксу и Лепсою здесь умер, и по его именем называется одна речка – Наурызбай Карасу... Могила Наурызбая поднесь видна на г.Караул-Тобе” деп жазғанын даусыз дерек ретінде санап, би мен батырды шатас¬тырады. Жақсы іс жолында жұртты жаңыл¬дырып, Шапырашты Наурызбай батырды Ақсу мен Лепсінің арасында көшіп жүрген Наурызбай бимен алмастырып алмайық. Мәселенің байыбына барайық, ағайын!



Бақытяр ӘБІЛДАҰЛЫ, жазушы, “Шапырашты Наурызбай батыр” романының авторы
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613