Павлодар облысындағы 53 техникалық және кәсіптік білім беру мекемеде 30 мыңнан астам адам оқып жатыр
ПАВЛОДАР. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен жылы Павлодар облысында білікті кадрлардың саны 3 пайызға өсіп, 11 мың 224 адамды құрады.
Бұл туралы статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Түлектердің басым бөлігі экономикалық, педагогикалық, құрылыс мамандықтарын алды, коммуналдық шаруашылықта, информатика және есептеу техникасы саласында жұмыс істеу үшін кәсіби дайындықтардан өтті.
Павлодар облысындағы 53 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қазіріг таңда 30 мың 53 адам оқиды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 6,4 пайызға қысқарып отыр.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерде 2127 оқытушы және 351 өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді. Оның ішінде 671 оқытушы мен 36 шебер жоғары санатты мамандар.