Сенбі, 23 Қараша 2024
3597 0 пікір 6 Тамыз, 2018 сағат 09:41

Өзбекстан азаматы "Ислам мемлекетін" қаржыландырды деп айыпталды

Өзбекстанның әйел азаматына "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына бір миллион рубльден астам қаражат аударған деген айып тағылды. Бұл туралы Санкт-Петербургтің Бас тергеу басқармасы хабарлады.

"Әйел осының алдында ұсталған. Ол террористік әрекетті қаржыландыру бабымен айыпталып отыр. Оны қамауда ұстау мәселесі шешіледі", - деп хабарлады тергеу басқармасы.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың қазаны аралығында айыпталушы "ИМ" ұйымына мүше түрлі адамдардан ақша алып, он Түркиядағы өзінің жеке банк есебі арқылы аударған.

"Айыпталушы "ИМ" қажетіне шамамен бір млн рубль аударған", - делінген тергеу басқармасы таратқан ақпаратта.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369