Сенбі, 23 Қараша 2024
3152 0 пікір 9 Тамыз, 2018 сағат 12:40

Алматыда көлік тонаумен айналысып жүрген екі жігіт ұсталды

Алматыда көлік тонаумен айналысып жүрген екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Олар межелі жерге жеткенше такси жүргізушісі мен жолаушылардың ұялы телефондары мен әмияндарын ұрлап отырған.

«Күдіктілер негізінен 200-300 теңге төлеп, аз қашықтыққа отыратын болған. Осы уақыт аралығында салондағы барлық мүлікті алып кетіп отырған. Кей күндері жұмысқа жалғыз шықса, екі күндері жұбымен шығып отырған. Ұрлаған заттарын ломбардқа өткізген, ал ақшаны өз мақсаттарына жұмсаған», - дейді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.

Күдіктілердің бірі 21 жаста болса, екіншісі 19 жаста.

«Үлкені бұрын да кісі мүлкін ұрлағаны үшін істі болған. Тек Алмалы ауданының өзінде осыған ұқсас 10 қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», - деді подполковник Мендебаев.

 

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415