Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4205 6 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 11:23

«Бізге федералдық жүйенің саясаты мен антиресейлік санкциялар деп «құлақтан теуіп» отыр»

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қазіргі теңге бағамына қатысты өз пікірін білдіріпті. Бұл туралы dalanews.kz сайты жазды.

Оның ойынша, теңгені еркін бағамға жіберу Қазақстан экономикасын девальвацияның шоғынан құтқара алмады.

Биыл наурызда доллар бағамы 320 теңге болса, бес айдың ішінде теңге 14 процентке арзандаған. Бұл баяғы бір реттік девальвациялармен бірдей ғой2009 жылдың ақпанында теңге 18 пайызға девалвацияланған (122 теңгеден 144 теңгеге), ал 2014 жылдың ақпанында — 19 пайызға (155 теңгеден 185 теңгеге). Қазір болса Ұлттық банк бағам «ауытқып» тұр дейдіШын мәнінде мұндай ауытқу девальвация деп аталады. Тек бұрынғыдай бір реттік емес, оның «баяу» түрі«,  деді депутат.

Ол тағы долларсыздандыру саясатын да сынға алды.

«Ұлттық банк депозиттерді долларсыздандырып, долларлық депозиттерді 2016 жылдың қаңтар айындағы 70 пайыздан биыл жазда 45 пайызға дейін төмендетті.

Сонда Ұлттық банкке сенгендер алданып қалып отырОлардың теңгелері құнсызданып барады.

Бұрын теңге бағамы мұнаймен байланысты деп келдіНаурызда мұнай баррелі 65-70 доллар тұрғанда доллардың бағамы 320 теңге болған, қазір мұнай 72 доллар тұрадыал теңгенің бағамы – 360 теңге. Бұл дегеніміз, бағам мұнай бағасынан толықтай бас тартты.

Бізге енді федералдық жүйенің саясаты мен антиресейлік санкциялар деп «құлақтан теуіп» отыр.

Сыртта біреу түшкіріп қалса да девальвацияны содан көруді қашан доғарамыз«, — деп қосты Мәжіліс депутаты.

Оның ойынша, қазіргі жағдайда халық пен кәсіпкерлер абдырап тұр.

«Валюта бағамының ертең қандай болатынын ешкім білмейтін кезде бизнес қалай келісімшарттар жасаспақХалық та әне-міне болады деген девальвациялар мен инфляцияны күтіп отырИмпортқа тәуелді елміз. Әрбір девальвация бізде инфляцияны күшейте түседіБіз бәрін өзі өндіретін Түркия да емеспізРесей де емеспіз. Олар ғой, импорттың орнын өз өндірісімен алмастыра алады«, — дейді депутат Жамалов.

Депутат жағдай қиын дейді.

«Әлсіз бағам елдің бәсекеге қабілетін арттырады дейді.

Бірақ Қазақстан сыртқа шикізат сатқаннан басқа несімен бәсекелес? Енді бюджеттік бағдарламалар тоқтап қалуы мүмкін.

Бюджетті бір доллар 340 теңге деп есептеп қойғанбызҰлттық банк өз міндетін орындай алмады, алмайды даҚазір бизнестен бастап барлығымыз девальвация болады деп күтіп отырмыз, спекуляциялық сипат өршіп тұрҚазіргі жағдайда шұғыл да нақты бір шешімдер керек«, — деді депутат.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483