Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3645 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:21

Өтеген ЖАППАРХАН. КӨРІІПКЕЛ АҚЫН

Екінші дүниежүзілік соғыс¬тың болатынын қазақ даласында тұңғыш рет, яғни 12 жыл бұрын бол¬жаған қазақ ақыны екенін бүгінде екінің бірі біле бермейтін болар. Бұл сөзімізге жұрт жырау¬лар сапына қосып жүрген Сыр сүлейі Нұртуған Кенжеғұлұлы¬ның “Құбыла бетке көз салдым” деген 1929 жылдың маусым ай¬ын¬да жазылған толғау өлеңі то¬лық айғақ бола алады.
Алдымен Нұртуған ақын ту¬ра¬лы бірер сөз. Нұртуған — ХІХ ға¬сырдың соңғы ширегінде (1889-1930 ж.ж.) Сырдарияның Арал өңірінде туып, өмір кешкен қазақ ақындарының бірі. Оған ақын¬дық талант 12-13 жасынан бастап қонып, оның атын қазақ даласы¬на мәшһүр ете бастаған.
Нұртуған ақын қырық жастан аса бере ауыр тұрмыс пен үзірлі дерттен көз жұмған. Әйтсе де ту¬ма талант иесі аз өмірінде қыруар жыр-дастандар жазған. Оған көзі тірісінде баспа бетін көрген жұ¬қана жырлары мен тәуелсіздік ал¬ғаннан кейінгі 2 том болып жа¬рық көрген бай мұрасы толық айғақ.
Нұртуған қазақ поэзиясына бұрын аңыз, ертегі күйінде ауыз¬дан-ауызға көшіп келген “Мәу¬лім¬нияз – Едіге”, “Орақ – Ма¬май”, “Қарасай – Қази”, “Та¬ғай¬мұрат”, “Қобыланды”, “Ақта¬бан шұбырынды”, “Ақкете Шер¬нияз” атты дастандар қосты. Сөй¬тіп, кейінгі ұрпаққа 40 мың жолдай өлең-жыр қалдырды.

Нұртуған Ұлы Абайды өмір бойы пір тұтып, оған бірнеше өлең арнаған. Абайды ұлық тұту¬ды үндеп, оған жалықпай үйре¬ну¬ге күллі Алаш баласын шақы¬рып отырған. Бұл сөзімізді дә¬лел¬деу үшін оның Абайға арна¬ған өлеңдерінен бір ауыз мысал келтірейік:
– Қолдансаң сөз асылын
Абайды біл,
Өзіңше даурыққанмен қаласың құр.
Жүрекке жылы сөзді ұялатқан –
Ол мәңгі тарихтың төрінде тұр.
Тәуелсіздік таңы атқан соң Нұртуған мұрасын зерттеп кәдеге асыруға ықылас туды. Бұл тыңға түрен салуды белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев бастап берді. Сосын әдебиетші, зерделі тарихшы Әбсат¬тар Оспановтың ақын шығар¬мала¬рын жинап, құрастырып, бас¬тыру¬дағы адал еңбегін азаматтық деп ба¬ғалаған ләзім. Сондай-ақ, ақын¬ның немересі Ниязбек Маха¬жан¬ұлы¬ның перзенттік парызын өтеу¬дегі тындырымды тірлігін айту әділдік болады.
Аймақтағы көнекөздер мен ақын¬ның жерлестері Нұрту¬ғанның көріпкелдігін алдағыны болжағыштығын, ауа райын, таби¬ғат құбылыстарын күні бұрын бі¬ліп, болжам жасап отыратын қасиет¬тері болғанын аңыз қылып айтады.
Жоғарыда айтқанымыздай, ақын 1941 жылғы фашистік бас¬қыншылық соғысты 12 жыл бұрын болжап, толғау жазған. “Алла мені сол зұлматты көрсетпей ала көр. Бау¬ырларым, ел-жұртым, өз ұрпа¬ғым құрбан болатын болды-ау”, – деп аңыраған.
Айтқандай, 12 жыл өткен соң ақын болжамы айнымай келіп, сол соғыста өзінің де 2 баласы шейіт болған. Енді сол 1929 жылдың мау¬сым айында “Боз¬төбенің” басында шарта жүгініп, құбылаға қарап отырып айтқан өлеңін оқиық:
Құбыла бетке көз салсам,
Отырып, шарта жүгініп.
Көкті басты сұр бұлт,
Ала-қиғаш жөңкіліп.
Дүние қарап болғандай,
Жердің жүзін су алып.
Осы арасын ойласам,
Кетеді жүзім құбарып.
Қиямет-қайым келгендей,
Шамаласам ой салып,
Күнбатыстан өрт шығады,
Әуелі жанып-тұтанып.
Сөндірмекке сол өртті,
Еркек кіндік қалмайды,
Шығады бәрі аттанып.
Азаматтың басына,
Күн туады қайғылы,
Қоңыраулы найза сапталып.
Інілерім соған түс келіп,
Сүрінбесе болар еді,
Қазулы орға арандап.
Белегір таудан аса алмай,
Шалдықпаса болар еді,
Сол арада шабандап.
Айып етпе, аға-інім,
Ойласам болжап бағамдап.
Айтып кетіп барамын
Болашақ істі шамалап.
Қуат бер, Алла, тіліме,
Болжаған соң сөйлейін
Алды-артын баяндап.
Ерлерге кілең таланды,
Тап келмесе болар ед,
Құрулы қақпан, ау-тұзақ.
Еңсесін жаңа көтеріп,
Еркіндік алған ел мынау
Көргелі тұр ма жау-тозақ?!
Қан төгіліп халықтан,
Аспан мен жерден аралас,
Атылар мылтық тарсылдап.
Ақыл иесі данышпан
Мәскеуде тұрып сөз айтар
Бұйрық беріп саңқылдап!
Кең қанат жайған қалың өрт,
Тұтанып жылжыр тұс-тұстан,
Шығысқа қарай жалаңдап.
Қарағай ағаш үйлердің
Жанады бәрі сатырлап,
Өртенер қала, дала, бақ.
Шарпуы тиіп сол өрттің,
Елден кеткен ерлердің
Біразы қалар андыздап.
Біразы елге қосылар
Бір мүшеден айрылып,
Анда-санда жалғыздап.
Кім өледі, кім қалады?
Ойым анық жетпей тұр
Айтуға мұны нақтырақ.
Көзім анық көрмейді
Сағым мен қоса жас бұлап!
Ақынның бұл ақырзаманды көрмей, одан он бір жыл бұрын бақилық болғанын айттық. Әйтсе де өлеңде соғыс суреттері көзбен көргендей жырланған. Күн ба¬тыстан өрт шыққаны, еркек кін¬дік қалмай аттанғаны да рас. Ас¬пан мен жерде мылтық тарсыл¬дап, бомба жарылғаны да дәл ғой. Мәскеуден саңқылдап бұй¬рық берілгені ше?! Қалың өрттің қа¬нат жайып, Шығысқа жайыл¬ғаны да айнымаған шындық. Қала да, дала да өртенеді, қара¬ғай ағаш үйлер бәрі жанады деге¬ні ше?! Дәл келді емес пе! Елден кеткен ерлердің андыздап қалға¬ны да, біразы мерт болып, біразы бір мүшеден айрылып келгені де шындық қой.
Иә, ақын болжамының айны¬май келгені таңғаларлық құбы¬лыс. Асылы, талант алдамайды, текті адамға қонады деген рас шығар.

Өтеген ЖАППАРХАН, ардагер журналист. Қызылорда.
«Егемен Қазақстан» газеті 6 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608