Жұма, 27 Қыркүйек 2024
3192 1 пікір 15 Тамыз, 2018 сағат 16:41

"Қазақстан" полигонында "белгісіз зат" жарылып, 10 сарбаз жараланды

"Қазақстан" полигонында "белгісіз зат жарылып", 10 әскери қызметкер жараланды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің 15 тамыз күні хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні нысана көздеу алаңын дайындау кезінде болған.

Зардап шеккен тоғыз әскери қызметкерге полигон басында жедел дәрігерлік көмек көрсетілген.

"Қазір сарбаздардың денсаулығы бір қалыпты, оларға тиісті медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр" делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тергеу басталған.

Abai.kz

1 пікір