Кремль баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-ағарту және мәдени-гуманитарлық салада екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралған.
Reuters агенттігі Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөздеріне сілтеме жасап, екі ел лидері негізінен энергия мәселелерін талқылаған деп хабарлайды.
"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Ресей түркімен газын сатып алу мәселесі қайта жаңғыруы мүмкін бе деген журналистер сұрағына, Песков ондай мүмкіндік бар деп жауап берген.
"Түркіменстан президентімен келіссөз барысында барлық саладағы екіжақты қарым-қатынас, оның ішінде энергодиалог та талқыланады" деген Песковтың сөздерін береді "Интерфакс".
Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары болса, түркімен президентінің Ресейге сапары, келіссөздер жайында хабар таратпады.
Abai.kz