Барлық жағдайда басты себеп - сертификаттар фитосанитарлық бақылау талаптарына сәйкес келмейді. Бірақ Қырғызстанның тиісті мемлекеттік органдары кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше аймақтарға талап етілетін құжаттар жайында үнемі ескертіп отырамыз дейді.
Соңғы екі күнде қырғыздың 43 тонна өнімі (жүзім, құлпынай, жаңғақ және т.б.) Ресейге өтпей қалған.
2018 жылдан бері Ресейден қайтқан өнімдердің жалпы көлемі - 294 тонна.
Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Болот Жуманалиев мұндай жағдайда кәсіпкерлердің өздері кінәлі дейді.
"Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылдың қаңтар мен сәуір аралығында ЕАЭО-дан келетін импорт көлемі өсіп, экспорт түсіп кетті. Қырғызстанның басты әріптесі бұрынғыдай Ресей болып тұр. Соңғы төрт айда Ресейге 102 млн долларға тауар экспортталса, Ресейден 351 млн долларға тауар импортталған. Импорт көлемі үш есеге өсті", - дейді Болот Жуманалиев.
Abai.kz