Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 9090 4 пікір 17 Тамыз, 2018 сағат 10:48

Қуандық Бишімбаев басқа түрмеге ауыстырылды

Еліміздің бұрынғы экономика министрі, мемлекеттің миллиондаған қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаев басқа түрмеге ауыстырылды, деп хабарлайды Абай-Ақпарат "Евразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, Бишімбаев Астанадан Ленгер қаласының колониясына ауыстырылған, қала Шымкенттен 35 километр қашықтықта орналасқан.

Қамауға алынған ескі орыннан жаңасына дейінгі бір жарым мың шақырым қашықтықты экс-министр сенімді күзетпен бірге өткен. Бишімбаевты көшіру кезінде Ұлттық ұланның кем дегенде он сарбазы алып жүрген.

"Мекеме максималды қауіпсіз болып табылады, яғни қатаң тәртіпті, ең көп дегенде 500 адамды отырғызуға болады. Ғимарат сонау 1976 жылы қолданысқа берілген", — деп мәлімет берді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Ғалымжан Хасенов.

Бишімбаев жазасын өтейтін жаңа орын - жемқорлармен қоса зорлықшылар және адам өлтірген қауіпті қылмыскерлер отыратын қатаң режимдегі колония екені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, Астананың апелляциялық соты мамыр айының соңында бұрынғы ұлттық экономика министрі Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ол 2018 жылдың наурызында екі миллион доллар пара алғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264