Сенбі, 12 Сәуір 2025
3019 0 пікір 20 Тамыз, 2018 сағат 11:32

Алматыға Kenji Chai келеді

Алматыда өтетін ІІІ Халықаралық "Mural Fest" фестиваліне Оңтүстік Шығыс Азияның атақты суретшісі Kenji Chai келеді. Kenji Chai - Малайзия елінің ұлттық рекорд иегері. Суретші Әуезов ауданы, Мамыр -3 шағын ауданында орналасқан 9 қабатты үйге үйге сурет салып өз қолтанбасын қалдырмақшы.

"Бұл өте қызықты фестиваль және мен өз мүмкіндіктерімді осы фестивальде барынша көрсеткім келеді. Алматы өте әдемі мегаполис, мен өзімнің суреттерім арқылы алмалы шаhарға жан бітіргім келеді"-дейді өз сөзінде Kenji Chai.

III Халықаралық "Mural Fest" фестивалі Қала күні аясында өз бастауын алды. Осы фестивальге қатысу үшін әлемнің ондаған мемлекетінен атақты суретшілер келеді.

Ең алғаш Бостандық ауданын Тимирязев Жароков көшелерінің қиылысында Украина елінің суретшісі Андрей Кравченко ғимараттың қасбеттерін суреттермен безендірді. Ары қарай фестивальді Ресей мемлекетінен келген ZunClub командасы жалғастырады.

Сонымен қатар, қала көшелерінде қоғам қайраткері, лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, аудармашы А.Байтұрсыновтың, қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портретін көруге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары Қала күніне орай ұйымдастырылған 100-ге тарта мәдени іс-шараға қатыса алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4610
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3636