Жұма, 22 Қараша 2024
3510 0 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 11:55

Қазақстан Ауғанстан бойынша Мәскеу келіссөзіне қатысады

Ресей астанасында 4 қыркүйекте Ауғанстан бойынша келіссөздердің екінші отырысына Қазақстан өкілдері қатысады, деп ресейлік ақпарат агенттіктері Қазақстан СІМ-нің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлады.

"Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды реттеу жөніндегі кездесулердің барлық форматтарын қолдайды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 2017 жылы сәуір айында Ауғанстанда бейбітшілік орнатуды көздейтін аймақтық кеңесуге қатысты. 4 қыркүйекте Мәскеуде өтетін кезекті кездесуге де Қазақстан өкілдері барады", - деді Смадияров. Баспасөз хатшысы қазақстандық делегация құрамы туралы ештеңе айтқан жоқ.

Ресей бұл кездесуге қатысуға 12 елді шақырған, олардың арасында АҚШ та бар. ТАСС мемлекеттік жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, кездесуге "Талибан" қозғалысының Дохадағы саяси кеңесінің басшылығы шақыртылған. Вашингтон мен Кабул 22 тамызда бұл кездесуге қатыспайтындарын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314