Қырғызстан қазақ-қырғыз шекара режимі туралы келісімді ратификациялады
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан мен Қазақстан үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара жүйесін ратификациялау жөніндегі заң жобасына қол қойды. Бұл жөнінде қырғыз мемлекет басшысының аппараты хабарлады.
Келісімге 2017 жылдың 25 желтоқсанында Астанада қол қойылған.
Заң жобасын Қырғызстан Жогорку Кеңеші биыл 28 маусымда қабылдады.
Құжатта мемлекеттік шекараны ұстау және кесіп өту, шекара арқылы адамдарды және көлік құралдарын, жүкті өткізу ережелері қаралған. Сонымен бірге келісімге сәйкес, тауарлар мен жануарларды өткізу, шекарадағы жанжалды шешу, шаруашылықты жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени және басқа іс-шараларды өткізу мәселелері де қарастырылған.
Заң ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Abai.kz