Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2495 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 03:42

Нұра Матай. Саяси блоктың сәтсіздігі

Журналистермен кездесуде президент көптен ұмыт болып кеткен митингілер мен шерулер өткізу заңда көрсетілгендей көрініс тапсын деп айтқан еді сөз арасында. Содан Алматы қалалық әкімшілігі «Халық билігі» саяси блогына митинг өткізуге Атымтай Жомарттық жасап рұқсат етіпті. Сол баяғы «Сарыарқа» кинотеатрының тасасындағы алақандай саябақты берген екен. Сөйтіп, өткен жексенбі күні Владимир Козлов бастап, Айнұр Құрманов қостап екі жүздей адам жиналып екі сағат билікті жерден алып, жерге салып тарқасты. Сондағы ұрандары - партиялар мен ұйымдарды жаппай «Сайлауға байкот» жариялауға шақыру. Саяси блоктың жиынына өңшең қолы бос кәрі-құртаң қол ұстасып келіпті.

Бірде тіркелмеген «Алға» партиясы, енді бірде «Халық бірлігі» саяси блогы болып ел аман жұрт тынышта мың құбылып жүретін бұл ұйым сайлау туралы сөз өңіміз түгіл, түсімізге кірмеген кезде президенттікке өздерін кезек-кезек ұсынып, аяғы «жұмыртқалар жарылысымен» тынған еді. Сөйтсек, Козлов бастаған топтың құлағына Батыстағы кішкентай «құдайлары» сыбырлап үлгерген көрінеді ғой. Сол сыбырдан желіккен «Халық билігінің» «қаһармандары»   екі қолы алдына сыймай күн ұзақ үйде отырудан шаршаған шал-кемпірді жинап, соларды саяси күреске шақырып жүр.

Сөз етіп отырған шалажансар саяси ұйым - мемлекет мәселесін яғни ұлттың мәселесін ресми тілде көтерудің және оны тым құрыса үрленген шардай салмағы жоқ диоспора өкілдерінің алға тартуының күні батқанын көрсетіп берді. Және бұлардың ұшар басына еуропа кезіп жүрген М.Әбілязов пен Р.Әливетің тобы тұрғанын білу үшін көріпкел болудың керегі жоқ.

Әлиев пен Әбілязовтың елде жүргенде елшілдігін көрген пенде жоқ. Есесіне, екеуінің де елдің есін алған үрейлі бейнелерін ешкім ұмытқан жоқ. Сонда «Өзі диуана, кімге пір болмақ». Демек, еуропаны паналап жүрген «халықшылар» қарақшылардың түймедейді түйедей етіп, ұпай жинамақ әрекетін түбі көрініп тұр. Ендеше, олардың елім дегеніне қазық ұлт қазақты былай қойғанда өздерінің тілдестері де екі дүниеде елжіремесі анық.

Басы елге аяғы жерге сыймай жүрген ұры-қарының айтағына ақшасын берген соң еріп жүргендерден елге пайда болмас. Болса, осы уақытқа дейін көзімізге перде тұтып жүрмедік.

Әлбетте, «Бір қызымнан бір қызым сорақы» дегендей, биліктің де жетістіріп отырғаны шамалы. Дүниені өз ыңғайы мен орға жықпас жағынан ғана қарастырудан жалықпайтын бір партиялы биліктің де Ата заңнан аттап баспай, демократияның жалауын желбіретіп отырмағаны бес жастағы балаға да белгілі. Енді не істемек керек?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502