Футбол деген түкке тұрғысыз дүниеге миллиондап ақша бөлудің қажеті қанша
Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында (Астана) Грузия құрамасынан жеңілгеннен кейін ережесіз жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында ел футболын сынады.
- Мен сіздерге айттым ғой. Осы уақытқа дейін неліктен осы бір түкке тұрғысыз нәрсеге жыл сайын 150 000 000 доллар бөліп келе жатқанын түсіне алмаймын. Бұл дегенің сұмдық! Олимпиада чемпиондарынан пәтерлерін тартып алады, әлем чемпиондарына үй бере алмайды, ал футболға келгенде… Кейде мен егер бар ақшамыз желге ұшып кететін болса, біз неге салық төлейміз деп ойланамын!, - деп жазды Хамитов.
Abai.kz