Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3472 8 пікір 12 Қыркүйек, 2018 сағат 10:29

"Бүгінгі қазақ рушыл" деген сандалған сөз!

"Бүгінгі қазақ рушыл" деген сандалған сөз! Қазақтың рушыл емес екеніне әсіресе соңғы күндері көзім әбден жетті.

Мектеп оқушылары арасында батырлар жырын жатқа айтудан "Жақсылар, дастан айтайын..." атты байқауды биыл екінші жыл қатарынан өткізгелі отырмыз. Өкінішке қарай, Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында өтетін осынау өміршең жобаны биыл да бюджетке ендіре алмадық.

Бюджетке ендіре алмағаннан кейін не істейміз? Әрине, демеушілердің қолдауына арқа сүйегіміз келеді. Ал, бүгінде демеуші табу Құдайдың ырзашылығын табудан кейінгі үлкен проблемалардың бірі болып тұр. Қалталы ағайынның алдына ұлт руханияты жайлы әңгіме айта барсаң өзінің жағдайын айтып, меселіңді қайтарады. Сосын "Алпамыс батыр" жырындағы:

"Жиделі-Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде..." деген өлең жолдары есіңе сарт ете қалады да "бір мырзалық танытса, осы кісі мырзалық танытады" деген оймен қалталы-ау деген Қоңырат ағайындардың ауылын бетке аласың. "Осындай да осындай, атаңыздың атын жаңғыртуға үлес қоссаңызшы" деп әңгімеңді түйіндейсің.

Әңгіме бағыштап отырған кісің "мұның маған не қатысы бар?" дегендей саған аңтарыла қарайды. Атасы үшін арқаланып сала бермейді! Анық рушыл болса, атасын айтып тұрғанда арқасы қозып кетер еді ғой.

Алпамыс өзінің атасы екенін өмірінде бірінші рет сенен естіп тұрғанын айтып қалатындар да кездеседі. "Біз пәлен деген румыз, бізден мынадай батырлар шыққан" дегенді айтса, әшейін байқамағаннан айтып қалуы мүмкін, рушылдықпен, атасын жақсы көргеннен айтпайды.

Ал, біз қазақ рушыл деп ойлаймыз... Қайдағы рушыл?..

Абай Балажанның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550