Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бәрекелді! 12132 10 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 10:05

Исатай-Махамбет ескерткіші қаланың ішінде орнатылатын болды

Редакция: 22 тамызда «Abai.kz» ақпараттық порталына белгілі қоғамдық белсенді Талғат Қатауовтың  "Пушкинге ескерткіш қойған Орал Махамбетке бюст те орнатқан жоқ"атты мақаласы жариялаған еді. Сол мақалаға Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі  «Оралда Исатай мен Махамбетке ескерткіш тұрғызылады» деген жауап берді. Іле-шала Талғат Қатауов "Көлгіновтің Исатай-Махамбет ескерткішін «заправканың» қасына орнатуы - әруақты қорлау!" деген үндеу жариялады. Артынша Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы қоғамдық белсендіге және жауап берді. "Ескерткішті қала қақпасына орнату - әлемдік тәжірибе" атты мақала жария болды.

Бүгін редакциямыздың электронды поштасына белгілі қоғам белсендісі Талғат Қатауовтан үшбу хат келіп түсті. Онда Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкімдігі шұғыл жиын өткізіп, Исатай-Махамбет ескерткішін қала ішіне орналастыратынын сүйіншіледі.

Біз Махамбет пен Исатайдың ескерткіші ойдағыдай орнатылуы үшін екі тараптың да тізгінін тартпайтынымызды ескертеміз. 


Abai.kz ақпараттық порталы

Осы кезге дейін ұлт-азаттық көтеріліс көсемдері Исатай-Махамбет батырдың ескерткіші Орал қаласынан 20 км жердегі қу айдалаға орналасады деп келген Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласының әкімдігі  12 қыркүйекте шұғыл жиын өткізіп, халықтың наразылығынан сескеніп,  әуелгі шешімдерін өзгертіп, қос батырдың мүсінін қаланың ішіне орналастыратын болып шешті.

"Мен істедім дегенше,

Мың істеді десеңші.

Ер істеді дегенше, "

Ел істеді десеңші" деп батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, бұл барша халықтың ұлттық мүддедегі ұлы жеңісі. Қуаныш құтты да ұзағынан болсын!

Ел-жұрт халықтың күн екенін, күннен асқан биік жоқ екенін және халық жиналса күш, біріксе алмайтын қамалы жоғын, бір жеңнен қол шығарғанда жеңіс боларын  тағы да дәлелдеді.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Махамбет Өте­міс­ұлының туғанына 200 жыл толуына арналған жиында: «Қазақ халқының өзінің жер бетінен жоға­лып кетпей, іргелі ел ретінде сақталып қалғаны – оның еркіндік сүй­гіш ерік-жіге­рінің, асқақ рухының арқасы. Осы жолда арғы-бергі заман­дарда орын алған бас көтерулердің, қозғалыс – көтерілістердің арқасы. Елі мен жері үшін жанын пида ет­кен боз­дақтардың арқасы. ИСАТАЙ мен МАХАМБЕТ басқарған халық қозғалысы солар­дың бірі емес, бірегейі», – деп баға бер­ген болатын. Ендеше, ұрпақтары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының биік рухы ал­дында ба­сы­мыз­ды ие отырып, өткенге салауат айтып, қос батыр армандаған азаттық заман­да олардың айбатты мүсіндері Орал қаласындағы барлық ескерткіштерден аса жоғары болып, бас ескерткіш ретінде ойып тұрып орын алады деп сенеміз.

Исатай-Махамбет ескерткішінің даулы мәселесіне үлес қосқан барша қазақ халқына, қолдау көрсетіп, үн қатқан Facebook қолданушыларына, Оралдағы ұлтшылдар мен қоғам белсендеріне және осы мәселені ешкімнен қаймықпай жариялап келген «Abai.kz» ақпараттық порталына  халық атынан алғыс білдіреміз!  Сіздерді ата-баба және қос батырдың аруақтары қолдасын! «Abai.kz» ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, ұлттық мүдде мәселесіне атсалысып, халықтың алғысын ала беріңздер дегім келеді. «Ештен кеш жақсы» демекші халықтың наразылығы мен талаптарын орындаған облыс және қала әкімдігіне және Мәдениет басқармасына да ризашылығымызды білдіреміз.

Талғат Қатауов

Орал қаласы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547