Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 5200 0 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 09:19

Елтаңбаға өзгерістер енгізілді

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті басшысы Арман Шаққалиевтің төрағалығымен өткен Ғылыми-техникалық комиссияның отырысында ҚР Мемлекеттік Елтаңбаға енгізілетін өзгерістер мақұлданды.

Бұл туралы аталған комитеттің Facebook желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

2018 жылғы 12 қыркүйекте Эталон орталығында өткен жиналысқа Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК басшылығы қатысты. Отырыста «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды.

Оған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде «Қазақстан» сөзін латын графикасымен «QAZAQSTAN» етіп өзгерту, сондай-ақ ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды.

Комитет технического регулирования и метрологии суреті.

Бұдан тыс, Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихын сипаттауға әдістемелік құралдарға сілтеме, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков жасаған конструкторлық құжаттама қосылды. Өзгерістерді енгізу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы және өндірушілердің қатысуымен бірқатар отырыстар өткізілді.

Еске сала кетейік, өзгерістерді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес, арнайы жасақталған Жұмыс тобы әзірлеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532