Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2616 0 пікір 24 Наурыз, 2011 сағат 03:33

Бекен Қайратұлы. Алтай қыраны Арабиядан оралды

Астана деген қаланың бір миссиясы сол болар - жер бетінде шашыраған қазақтың ат төбеліндей түрлі тобын қосты да, мидай араластырды. Әсіресе, шетелден келген қандастар да сол «компаненттің» бірі болып жүр. Кәзір кәдімгідей ел болып қалдық.Басында бір бірімізді жатырқап, анау-мынауымызды түркілеп күліп отыратынбыз. Енді жас күнімізден бірге өскен дос-жарандай қимас жандарға айналдық. Оларсыз бүгінгі қазақтың бүтіндігін де елестету қиын, өйткені, бүгінімізге қоян-қолтық араласып, кеулеп барады сабаздар! Сөйлесе, сөзінен қазақтың қаны тамып тұрғандай, жазса - жазуы сайрап тұр... қазақтың ізі сияқты...

Құсбегілік өнерге соңғы жылдары  Араб жұрты қатты қызығатын болыпты.  Әсіресе дәулетті адамдар сұңқар баптап, ұстағанды аса ұнататын көрінеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Араб Әмірлігінің шейхтері сонау итарқасы қияндағы Байөлкеде қыран құс баптап, аң аулайтын қазақ деген халықтың жұрнағы тұрады дегенді естіп, өз көзімен көрмекке құмартыпты. «Іздегенге - сұраған»  дегендей, сол тұста Монғолияның атынан Мысырда отырған төтенше және өкілетті елші, ұлты қазақ Сайран Қадырұлы дейтін азаматтың араласуымен бұл жұмыс жүзеге асқан екен.

Осылай Алтайы қырандар Арабия топырағына барып, ақ сәлделі араб шейхтерінің шерін тарқатыпты. Араб әмірлігіне бүркіт баптап апарған байөлкелік Шайзада Жақайұлы мен Ардабек Қинаятұлы деген азаматтар екен. Осы сапар жайында жуықта Шайзадамен әңгімелесудің сәті түсті.

Шайзаданың әңгімесі

Бізге «келсін» деген хабар 2002 жылдың желтоқсан айында жетті. Содан бүркіттерімізді алып Ұланбатырға айырпланмен (ұшақты айтады) ұшып жеттік. Астанада оншақты күн аялдап, құстың құжаттарын, өзімізге виза дайындап алып, тура ақпан айының 12-сі күні Мәскеуге келдік. Қолымызда бүркіт,  түлкі тымағымыздың  үкісі желбіреп, мұртымыз салбырап жетіп келген бізді көріп, орыстың кеденшілері шошып кетті-ау деймін, көзі шегір сары қыз шаңылдап шыға келді. «Атып жіберсең де өзің біл!» дегендей маңқиып тұра бердік. Алтайдың бүркіті Мәскеудің мәдениетін қайдан білсін, бір әредікте менің қолымдағы құс сувинер сатып тұрған дүңгіршекке қарай саңғытып кеп жібергені.

Бізді бүркітімізбен қосып кеденнен Сайран Қадырұлы алып өтті. Кешікпей Мәскеу - Дубай бағыты бойынша ұшатын көлікке отырдық. Таңертең Дубайға келіп қондық. Мұнда күннің ыстығы 30 градус. Кеше ғана 30 градус суықтан шыққан едік. Айнала сағым қуған қызыл құм. Қала тап-таза. Жап-жасыл. Дуб, палма ағаштарын көрдік.

Ұшақтан түскен жерде үстеріне ақ халат киген екі араб жігіті бүркіттерді алып кетті. Бізді Дубай қаласынан 165 шақырым жерде орналасқан Әбу Даби шаһарына алып келді. Бес жұлдызды қонақ үйге орналастырды.

Қаладан 60 шақырым жерде биіктігі 120 метр қолдан тұрғызылған жасанды төбешік бар екен. Өздері оны «тау» деп, әспеттейтін көрінеді. Осы «таудың» етегінде патшаның «Құс базасы» дейтін торланып, арнайы жасалған орын бар. Осында сұңқардың түр-түрін өсіреді екен. Біздің бүркіттерді әкеліп осында орналастырыпты.  Бізді көргенде бүркіттеріміз қанатын қомдап жіберіп, дүр сілкінді. Еріксіз көзіме жас үйірілді. Жат жұртта жәутеңдеген өмір-ай деген...

Біздің бүркіттер мұндай ыстықты көрмеген, қайырымнан жаңылып қожырап кетсе қайтеміз деп, қорықтық.  Күнделікті баптап, ара-тұра шырға салып дайындай бастадық. Ол елдің түлкілері біздің жақтың қарсағынан да кішкене. Қояны біздің таудың көжегі тәрізді. Мұндай ұсақ аңды ұстап көрмеген қырандар  аңға түспей ұятқа қалдыруыда мүмкін еді.

Содан бір күні «Мансур шейх келіп көреді» деген хабар жетті. Шейхтың жасы 80-нен асқан адам екен. Бірнеше алғыншақ әйелінен 19 баласы бар.  Бүкіл үрім бұтағымен төрт-бес машинаға отырып,  айналма жолмен төбенің басына келіп тоқтады. Құдай сақтасын, мына дүниенің бүкіл телетілшілері шейхке еріп келді. Жарқ-жұрқ, сатыр-күтірден бүркіт тұрғой өзіміздің есіміз шығып кетті. Маған бүкіл әлем бізге қарап тұрғандай елестеп кетті.

Ат шаптырым алаңқайға 2 түлкі, 3 қоянды жіберді. Бізде бір Аллаға сиынып бүркіттердің томағасын сыпырдық. Жарықтық құс екеш құстың да намысы бар екен, екеуі қайқаң етіп қайшылай аспанға көтерілді. Қайтер екен деп, қарап тұрмыз. Ойырым-ай, атқан оқтай шүйіліп келіп түлкі, қояндардың ту-талақайын бірақ шығарды. Байқұс аңдардың жүні шашырап аспанға ұшты. Осы ғұмырымда қыранның осылай зарына кіргенін бұрын-соңды көрмеген едім. Ал кеп ағыл-тегіл жылайын.  Жанымызға шейхтің өзі келіп, қос бүркітті қолына ұстап суретке түсті. Осылай Арабияда абыройымыз асты.

Қайтарда бізді бастап келген Сайран мырза өз жұмысымен Мысырға кететін болды. Жолдасым екеуіміз бүркіттерді тастап кетуге бел байладық. Өз басымызды аман-есен елге жеткізсек соның өзі үлкен олжа еді.  Біз кеткен соң бүркіттердің аяғына сақина салып ұшырып жіберіпті.

***

Арада тағы бір  жыл өткен соң бүкіл жұрт ғажайып оқиғаның куәсі болды. Арабияда қалған Шәйзаданың қоңыр бүркіті туған топырағына оралыпты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406