Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Саңлақ 5932 0 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 15:40

Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты Астанада өтеді

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2019 жылғы Әлем чемпионаты (лицензиялық) елордамыз Астанада өтетін болып белгіленді. 

2019 жылы 14-22 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланып отырған әлем біріншілігінде балуандар жүлдеге ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына да таласатын болады. Әлем чемпионатында ( олимпиадалық салмақ дәрежелерінде) үздік алтылыққа енген балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады.

Ең қызығы осыған дейін Әлем чемпионаты Алматы қаласында өтеді деп хабарланған болатын. Алайда, Астана қаласы күтпеген жерден чемпионатты өткізу құқығын Алматының қолынан тартып әкетті. Мөлшері, мұндай шешімнің қабылдануына ел билігінің әсері болған секілді.

Айта кетейік, Күрестен ғаламдық дода қазақ елінде тұңғыш рет өткелі отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1573
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3185
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1177
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090