Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3448 16 пікір 16 Қыркүйек, 2018 сағат 18:36

Геннадий Қазақстандағы кез келген лауазымға лайықты

Ресейлік белгілі промоутер Валерий Хрюнов былай депті: "Меніңше, Геннадий жақсылап демалып алуға тиіс. Ол өте ауқымды жұмыс атқарды. Геннадий - жаңа да ұлы, аса қуатты әрі әсем Қазақстанның бүгінгі бет-бейнесі, Головкиннің бокстан басқа да ісі аз емес. Ол дап-дайын басшы, Қазақстандағы кез келген лауазымға лайықты"

Саул Альварес пен оның бапкерлер командасы осы жеңіліске әкеле жатқан еді. Допингпен ұсталғанда да, жылдап Головкиннен қашқалақтауы да осыған дәлел. "Төбелестен" құламай аман шықсаң болды" деп келісіп қойған секілді, жекпе-жек аяқтала салысымен "Канелоның" екі қолын көтеріп рингке атыла жөнелуі "мен бұл міндеттен өттім" дегені.

Спорттың аты - спорт. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Мәңгілік, абсолюттік жеңіс жоқ. Ол - сәттілік.

Енді Головкин қандай шешім қаблдаса да ешкімнің өкпесі жоқ. Әттегенайы, спорттан кетер алдында бәрінен айырылу. Ол - үш белбеу және тұңғыш жеңіліс. Дегенмен шешімді бір-ақ адам шығарады, ол - Геннадий Головкин. Ендеше ол қандай шешім қабылдаса да ол шешім талқыға түсуге тиіс емес.

Жылдар бойы осындай тамаша жекпе-жектерге жетелеп келген жерлесімізге сәттілік тілейік.

Дүрәлі Дүйсебайдың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510