Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2427 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 13:44

Алматыда күшті жер сілкінісі болған жағдайда 250 мың адам қаза болуы мүмкін

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Қалада күшті жер сілкінісі болса, жарақат алатындарды есептемегенде, 250 мың адам қаза болуы ықтимал. «Алматы қаласында жер сілкісінтерінің қауіптерін басқаруды зерттеу» бірлескен жобасын жүзеге асыру жөніндегі  2-ші Халықаралық семинарында Алматы қаласы мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі басқармасының бастығы Бауыржан Ысқақов   агенттік тілшісіне осындай пікірін жеткізді.

Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі әзірлеген жобаның жүзеге асырылуы барысы туралы әңгімелеген ол оның қорытынды есебі мен ұсыныстары қалалық әкімдікке биылғы жылдың шілдесінде берілетінін жеткізді. Б. Ысқақовтың атап көрсетуінше, Жапония мамандары Қазақстанға ұсынып отырған жоба табиғи апат болған жағдайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттың салдарын жою жөніндегі біздің көзқарасымызды түбімен өзгертуге тиіс.

«Жапониялық жобасыз бізге осындай жұмысты атқару қиынға соғар еді. Жоба – негізгі құрамдас, аттанатын нүкте. Бүгін біз жапониялық мамандар ұсынып отырған әдістемелерді ескере отырып, өз жоспарларымызды қайта қарауымыз қажет. Бұл жоба біздің жер сілкінісі туралы көзқарасымызды өзгертуге тиіс. Өзгертпесек, ертең Қытайда жүздеген мың адам қаза болған жағдайға тап боламыз», – деп атап көрсетті ол.

Б. Ысқақовтың айтуынша, жапониялықтар (қаланың қазіргі дайындық деңгейі бойынша) Алматыда күшті жер сілкінісі болса, қайтарылмас адам өлімі 25 мың адамды құрауы мүмкін деп болжайды. «Егер осы проблемаларға қатынасымызды өзгертпесек (Табиғат апатынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету– ҚазТАГ), тағы онға көбейтіңіз  – сонда не шығады. Яғни, жарақат алатындарды есептемегенде,  250 мың адам қаза болуы мүмкін. Алматыда болған Верный және басқа да жер сілкісінтерінің салдарын, шынайы жағдайларды, қала құрылысы саясатын, тұрғын үй және әлеуметтік қорын сараптай отырып, Жапония мамандары адам өлімін қоса отырып,  қаланың 1/5 бөлігін жоғалтамыз деп есептейді», – деп мәлім етті ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636