Жанат Асанқали. Сайлау-2011. Болары болған соң бояуы да сіңеді
Қазіргі таңда сайлау учаскелерінде тіркелмеген сайлаушылар саны өте көп. Бұған мысалды өз басымнан келтірейін. Астана қаласы әкімдігі үйлерді аралап таратқан сайлаушыларға арналған парақшада көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, аты-жөнімді айтып тексерткенімде, мен өзімнің № 196 учаскелік сайлау тізімінде жоқ болып шықтым. Учаскелік сайлау комиссиясындағылардың телефон арқылы айтқаны: «бізге қала әкімшілігінің берген тізімі ішінде сіз жоқсыз, егер дауыс бергіңіз келсе, құжаттарыңызды (үй кітапшасы және жеке куәлігіңізді) алып келіп тіркеліңіз» деді.
Ел тарихында болған әр сайлауға қалмай барып, дауыс беру күні өзім қалаған сайлау учаскелерінде болып, бақылаушы ретінде қатысып жүрдім. Сондағы байқағаным, дауыс беру күні сайлау учаскелеріндегі тізімде тіркелмеген сайлаушылардың саны шексіз болып жатады. Учаскелік тізімде өз аты-жөнін таппаған көп сайлаушылар, қосымша тізімге жазылып, бюллетенді оп-оңай алып дауыс бере салады. «Қосымша тізімге» арналып бекітілген тәртіп сақталмайды. Нәтижесінде, дауыс беру аяғында сайлаушылар тіркелген негізгі журналдағы дауыс берушілерден қосымша тізімге тіркеліп дауыс бергендер саны асып кетеді.
Дауыс беру барысында қолданылатын «қосымша тізімдер» ақырында сайлау нәтижелерін бұрмалауға қолайлы жағдай туғызады. Мұндай қолайлы мүмкіншілікті кім болса да зая жібермейтіні анық.

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы ұйымдастырған семинар-кеңеске шақырылған қаламыздағы саяси партиялардың бірі атынан мен осы «қосымша тізімдер» жайында айтқанымда, сайлау комиссиясынан ешкім мардымды жауап бермеді.
Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырған кезде, сайлаушылар тізіміне қатысты қажетті мәліметтерді толық жинауға болады ғой. Мәселен, әр азамат өзінің тұрған жерінде «Азаматтарды тіркеу кітабына» мекен-жайын көрсетіп тіркеледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Әр қала тұрғыны өзі тұрған үйге коммуналдық қызмет көрсететін Пәтер иелері кооперативтерімен арнайы шартқа отырып ПИК -дің тізіміне де алынады.
Өз уақытымен келе жатқан әр сайлауға өкіметіміз бірде-бір азаматты қалдырмай, барлығын сайлаушылар тізіміне түгелдеп тіркеп алып, сайлауға қажетті уақытта асықпай даярлану керек. Қазіргі ҚР-сы Президенттігіне кезектен тыс сайлауын екі ай ішінде өткізу, ол барлық жағынан да үлкен асығыстық болып табылады.
Президенттікке үміткерлер де өздерінің үгіт-насихат жұмыстарымен Республикамыздың барлық елдерін аралап, жүріп өтуге үлгермей жатыр. Ал, Назарбаев болса, ол кісі елімізде үзбей жиырма жыл ел басқарып келе жатқан адам, яғни еліміздің барлық жұрты таниды. Және ол кісі «дәстүрлі» түрде мемлекетіміздегі әкімшілік ресурстарын сайлауда кеңінен пайдаланатынын ескеруіміз керек.
«Асыққан шайтанның ісі» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой, тығыз уақытта өткізген барлық сайлау, ақырында талапқа сай емес болып шығады және мейлінше бұрмаланады.
Бізде болары болып, бояуы сіңіп сайлау өтіп кеткен соң ғана «сайлау әділетсіз өтті, билік сайлау нәтижесін бұрмалады» деген сөздер шығып жатады. Сондықтан «Қосымша тізіммен» дауыс бермеуге, биліктегілерге сайлау барысында сайлаушылар дауысын бұрмалау құбылысын болдырмауға қазірден бастап күш салуымыз керек.
«Абай-ақпарат»