Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4029 3 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 10:25

Біздің "Титаниктың" жүрісі өзгеше...

"Жоғалған ұрпақ деген жоқ. Басқару қолынан келмейтін жоғалған билік қана бар. Ол жоғалған билік "Титаник" секілді елдің бүкіл тұрғындарын өзімен бірге құрдымға сүйреп кетеді."

Досым Сәтпаев жастарға арналған әдістемелік кітапта осы сықылды ой жазып еді.

Ал біздің "Титаниктың" жүрісі өзгеше... Аударылудың алдында тұрған кеме капитаны алдымен өз жолаушыларын құтқарып қалатын еді ғой.

Ал біздікілер басқа "Титаниктың" жұртын құтқарып әлек...
Қазақстанда 2,5 мың әйел түрмеде отыр. 20 %-ы 30 жасқа дейінгі бойжеткендер. Биыл 40 әйел перзентxанада көз жұмды. Елде бейресми мәлімет бойынша 440,7 мың адам жұмыссыз болса, соның 55 пайызы әйелдер.

Көпбалалы әйелдердің алатын мемлекеттік жәрдемақысы 10-ақ мың теңге! 8 мың теңгеге бір подгузник алуға болады! 

Мына фотоны кеше ғана түсірдім. Қазақтың әйелі қайыр сұрап отыр.

"Қазақтың әйеліне көмек" орталығын ашу керек!

Дина Елгезектің facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400