Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2083 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 13:47

Шымкентте ит қапқан 9 жастағы қыз бала көз жұмды

Шымкент. 12 маусым. ҚазТАГ – Шымкент орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ит қапқан соң емделіп жатқан қаланың 9 жастағы тұрғыны көз жұмды, – деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Министрліктің ақпараты бойынша, бұл туралы ақпарат Республикалық дағдарыс орталығының оперативті кезекшісіне облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан бейсенбі күні кешкі сағат бесте хабарланған.

Дәрігерлердің ақпаратында айтылғандай, қаза болған балаға қойылған «құтыру» диагнозын Оңтүстік Қазақстан облысы дәрігерлерінің консилиумы қуаттады.

Аурумен қарым-қатынаста болған 4 адам дәрігерлік бақылауға алынды, – делінген таратылған ақпаратта.

Құтыру – жануарларға, сонымен қатар, адамдарға жұғатын қауіпті вирустық ауру. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155