Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3814 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 06:10

Ермек Қарабала. «ҚазАқпараттың» қарны аш

Елімізде 5 тілде ақпарат тарататын, ұлттық деген дардай атағы бар жалғыз ақпарат агенттігі - ҚазАқпарат. Алайда, соңғы уақытта осы пілдей агенттік тілдей агенттіктің күйін кешіп отыр. Қызметкерлер жаңа жылдан бері жартымды жалақы алмапты. Зейнетақы қорына былтырғы жылдың сәуір айынан бастап қызметкерлердің ақшасы аударылмаған. «Соңғы екі айдан бері айлық алмадық. Жалпы соңғы екі жылда агенттіктің күйі кетті. Жалақымыз әр айдың 10-на дейін түсуі керек болатын, алайда ай сайын кешіктіріп береді. Қазір несиемізді төлей алмаймыз, банктен күнде қоқан-лоққы естумен күніміз өтуде. Былтырдан бері зейнетақы қорына ақша аударылмаған соң банктер несие беруден де бас тартады. Үйіміздегі жарық пен телефонымызды қиып тастады.

Оны айтасың, жарық пен жолақыға ақша таппайтын күйге жеттік. Мүшкіл халімізді айтып  агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Дияровқа хат жаздық, алайда үн жоқ. Астанада отырған басшылық Алматыдағы бөлімшесі барын ұмытып кеткен сияқты. Не түрлерін көрмейміз, не үндерін естімейміз. Астанада агенттіктің басшысы бар деп естиміз, алайда Дияровты Алматыдағы тілшінің бірі де көрмепті басшы болғалы. ҚазАқпараттан қайыр болмаған соң бәріміз басқа БАҚ-тарға жалданып жұмыс істеуге мәжбүрміз, алайда аз қаламақы неге жетсін.

Агенттік тілшілеріне жағдай жасалмаған. Әлеуметтік қамсыздандыру, материалдық көмек, әлеуметтік пакет дегеннің бірі де жоқ. Бұрын аванс берілетін. Алайда былтырдан бері басшылық оны да алып тастады. Біздің түсінбейтініміз агенттік 100 пайыз мемлекеттік, алайда басқа мемлекеттік БАҚ-тар сияқты жағдай жасалмаған. Біздің халіміз «Егемен Қазақстан», «Казправда», «Хабар», «Қазақстан» ТРК-дағы жағдаймен салыстыруға келмейді. Алатын жалақымыз тиын-тебен ғана. Аға тілші 46 мың, қарапайым тілші 30 мың теңге алады, үстіне аз-маз қаламақы қосады. Бірақ оның өзі екі айдан бері жоқ. Қиын жағдайда хабарласып, жөн сұрайтын кәсіподақ деген ұйым ол да жоқ. Бір құжатты алдыру үшін Астанадан 6 ай күтеміз.

Біз бұған төзбейміз. Егер басшылық үн қатпаса, жағдайдың неге бұлай болғанын ашып айтпаса, жақында президенттің, премьер-министрдің, парламенттің атына хат жазамыз, ҚР Бас прокуратурасынан, Қаржы полициясынан агенттіктегі жағдайды тексеруді сұраймыз. Баспасөз мәслихатын өткізіп, басшылықтың ауысып, жағдайдың жасалуын талап етеміз. Осының кесірінен соңғы айда үш адам жұмыстан кетті. Жақында тағы бірнешеуі кетуге дайын. Осы уақытқа дейін шыдап, өз міндетімізді адал атқарып келдік. Алайда шыдамның да шегі бар. Басшылықтан өз міндеттерін орындауды сұраймыз. Егер міндеттерін орындай алмаса, орындарын жұмыс атқара алатын мықты менеджерлерге босатсын! Халықты ұлардай шулатып қоюға болмайды ғой. Бұл биыл ғана болса бірсәрі, 2 жылдан бері жалғасып келеді»,- дейді агенттіктің Алматыдағы тілшілері.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр да «ҚазАқпарат» қызметкерлері жалақы алмай, көтеріліске шығып, бір шу болып басылған еді. Биыл да осы жағдай қайталанатын сияқты.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3324
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6048