Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 6836 0 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 13:37

"Ауыл" партиясы халықтың әл-ауқатын артыруға тырысады

Қазіргі заманғы жылдам өзгеретін әлемде Қазақстан алдында барлық тыныс-тіршілік салаларын жеделдетілген жаңғыртуды жүргізуге, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға байланысты бірқатар маңызды міндеттер тұр. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы осы міндеттерді шешу үшін барлық күш-жігерін салуға әзір.

Біздің негізгі мақсатымыз -  барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі жоғары, тәуелсіз, мықты және өсіп-өркендеген Қазақстанды құру.

Біздің іргелі құндылықтарымыз – бұл тәуелсіздік, патриоттық, әділеттілік, тең құқықтық және ынтымақтастық.

Тәуелсіздік – бұл мемлекетіміз мен халқымыздың басты құндылығы мен байлығы. Еліміздің болашақ табысты дамуына оның тәуелсіздігін одан әрі нығайта түскен жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

Патриоттық – бұл өз Отанын, өз халқын сүю және оған шын берілгендік, өз тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрмет, өз Отанының мүддесі жолында ерлік пен құрбандыққа әзір болу.

Әділеттілік – бұл тең мүмкіндіктер қоғамы, жеке адамды нәсіліне, дініне қарай кез келген кемсітушіліктің болмауы. Әділеттілікке ұмтылу қазақстандық қоғамның ұлттық санасында, мәдениет, дәстүр, тарихи жады арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілетін құндылықтар жүйесінде берік қалыптасқан

Тең құқықтық біздің дала демократиясында, әрбір жеке адамның бойында терең моральдық және адамгершілік түп-негізге ие. Тең құқықтық қоғамдық дамудың мақсаты ғана емес, барлық адамзаттың ең озық құндылықтарына негізделген шынайы әділ қоғам құру құралы да.

Ынтымақтастық – бұл қоғамдық қарым-қатынастарды ізгілендіру негізінде қазақстандық қоғамның дамуы үшін маңызды шарт. Ынтымақтастық ерте ғасырдан келе жатқан салауатты, мықты қоғамды дамытудың негізі болып табылады. Тек ынтымақты қоғам ғана нағыз әлеуметтік мемлекетті құрып, адамдарға лайықты өмірді қамтамасыз ете алады.

* * *

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – мемлекетшілер мен патриоттар партиясы.

Біз әрқашан аграрлық қызметкерлер мен ауыл еңбеккерлерінің, барлық қазақстандықтардың мүдделерін қолдап келдік және қолдаймыз да.

Біз билікке қатысуды қара бастың қамы ретінде емес, өзіміздің бағдарламалық нұсқамаларымызды іске асыру, халыққа тиімді қызмет ету  құралы әрі мүмкіндігі ретінде қарастырамыз.

Осы бағдарламада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы еліміздің өміріндегі өзекті міндеттерді шешу, Қазақстанның одан әрі өркендеуіне ықпал ететін жаңғыртушы қайта құруларды жүргізу жолдарын ұсынады.

НАҚТЫ ЕҢБЕК ҮШІН НАҚТЫ АҚЫ ТӨЛЕУ

Біз нақты еңбек үшін нақты ақы төлеуді неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет деп санаймыз. Өмір сүру үшін өз еңбегімен табыс тауып жүрген әрбір адамның лайықты сыйақы мен әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Біздің мақсатымыз – Еңбек кодексінде және әлеуметтік салаға жататын басқа заңдарда лайықты ақы төленетін еңбекке және жұмыспен қамтуға нақты құқықтарды бекіту.

Біз ресми түрде қабылданған ең төмен тұтыну себетінің кеңейтілуін қолдаймыз. Бұл шара Қазақстан азаматтарының өз денсаулықтарын сақтап,  жақсартуына және әлеуметтік, сондай-ақ кәсіптік тұрғыда дамуына мүмкіндік береді. Тұтыну себеті азық-түлік және тағамдық емес тауарлардың құнын ғана емес, әрбір азаматтың өмірлік қажетті қызметтеріне жұмсалатын шығыстарды да қамтуға тиіс.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі адамның барлық негізгі құндылықтарын нақты қанағаттандыруға және Қазақстанда адами капиталдың дамуы үшін жағдай жасауға тиіс.

Халықтық әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау жүйесіне толықтыру енгізудің маңызы зор.

Осы мақсатта мыналар қажет:

1. Зейнетақыны, салымдарды және әлеуметтік жәрдемақыларды халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ете алатындай деңгейге дейін үнемі индекстеп отыру;

2. Жетім балалар мен асыраушысынан айрылған балаларды нақты мемлекеттік қамқорлыққа алумен айналысу;

3. Ауылдық елді мекендер үшін және нақты ауыл тұрғыны үшін ең төмен стандарттарды әзірлеу және бекіту; ауылдық елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйлерді, мектептерді, ауруханаларды, инфрақұрылымды, мәдениет мекемелерін және жолдарды салу мен жөндеу арқылы ауылда өмір сүруге сапалы жағдай жасау.

Біз сондай-ақ, зейнетақы – әлеуметтік садақа және қартайғанда берілетін жәрдемақы емес деп санаймыз. Бұл бұрынғы істеген еңбек үшін заңды түрде кейінге қалдырылған жалақы. Оның мөлшері зейнеткерлердің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Барлық жағдайда қосымша ақымен қоса, еңбек зейнетақысының мөлшері заңда белгіленген базалық стандарттан төмен болмауы керек. Аға буын өкілдері қартайған шағында зор құрметке және молшылықта өмір сүруге лайықты. Лайықты зейнетақы адал еңбек ету үшін маңызды ынталандырудың бірі болып табылады.

Біз экономикалық заңдардың қатаң әрі ырыққа көнбейтінін түсінеміз. Сондықтан асырауында болушылыққа қоғамның тек шағын бөлігінің – халықтық әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының ғана құқығы бар. Көмек атаулы болуға тиіс.

ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ ОТБАСЫ – ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ

Қолданыстағы отбасы заңнамасы заманауи жағдаяттарға сәйкес болуға тиіс. Неке және отбасы туралы кодексті жаңғырту қажет.

Біз отбасы институтын нығайту мемлекет пен қоғамның дәйекті және шоғырландырушы стратегиясына айналуға тиіс деп санаймыз. Біздің таңдауымыз – бірнеше бала өсіріп отырған отбасылардың мүдделерін алғашқы орынға қоятын белсенді әлеуметтік-демографиялық және отбасылық саясат.

Партия мыналар қажет деп санайды:

«Қазақстан Республикасында отбасын мемлекеттік қолдау негіздері туралы» жеке заң қабылдау және «жас отбасы» ұғымын заң жүзінде кеңейту.

Балаларға арналған барлық біржолғы және ай сайынғы жәрдемақыларды мүмкіндігінше ұлғайту. Бұл әсіресе, жанбасына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасындағы 16 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға қатысты.

Бала күтіміне байланысты ақылы демалысты ұзарту.

Үш және одан көп бала тәрбиесімен айналысып отырған ерлі-зайыптылардың біріне базалық тұтыну стандартынан төмен емес мөлшерде «отбасылық жалақы» төлеу.

Әрбір өңірде көпбалалы отбасылардың ата-аналары үшін жұмыс орындарының әлеуметтік банкін құру. Жұмыс орнын жоғалтқан жағдайда,
30 күннің ішінде оларға жұмыс орнын ұсыну.

Жұмыс істейтін әйелдердің (жұмысқа жалдау және қызметі бойынша жоғарылау кезінде, әлеуметтік сақтандыру және еңбекке жағдай жасау бойынша жеңілдіктер мен жәрдемақылар беру кезінде) құқықтары мен кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылауды күшейту.

Балалық инфрақұрылымын, балалаларға арналған жазғы, спорттық, сауықтыру лагерлерін, балалар шығармашылығы орталықтарын, көркем-өнер және музыка мектептерін дамыту.

Жауапты ата-ана – бұл дені сау, аман-есен және ақылды балалар, демек, бүкіл халқымыздың сапасы. Ана мен әке болудың беделін арттыру қажет!

 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ –

ЗАМАНАУИ ЕЛ

Білім беру саласындағы проблемаларды шешу мемлекеттік басым міндеттердің бірі деп танылған. Алайда оқыту бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу, оқыту мерзімін, оқу сағатының санын ұлғайту есебінен жалпы білім беру үдерісінің мазмұнын жаңғыртуға деген жүйесіз талпыныстар оқушыларға шамадан тыс ауыртпалық әкеліп, олардың денсаулығының нашарлауына әкеп соқтырды.

Оқушылардың заманауи құқықтық, психологиялық, экономикалық және экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зор маңызын атап өткен жөн.

Мектеп түлектерінің жеке тұлғасын әлеуметтендіруді, олардың заманауи қоғамдағы өмірге бейімделіп кетуін қамтамасыз ету қажет.

Білім беру жастарды еңбек нарығына даярлауға ғана келіп саймайды және олай болуға тиіс те емес. Мектептердің міндеті – жастарды қоғамда өмір сүруге даярлау, оларға әлеуметтік тәжірибе беру, алдыңғы өткен ұрпақтың рухани және мәдени мұрасын қалдыру, Тәуелсіз Қазақстанның жас патриоттарын тәрбиелеу.

Біз білім беру реформасының негіз қалаушы қағидаты білім берудің жалпыға қолжетімділігі мен сапалылығы ғана емес, білім алушылардың бойында білімнен коммерциялық өнім алуға ықпал ететін кәсіпкерлік құзыреттер мен машықтарды қалыптастыру деп санаймыз.

Осы мақсатта мыналар орынды болмақ:

Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою, жалпы білім беретін мектептер базасында оқушыларға болашақ кәсібін таңдауға мүмкіндік беру, өз шешімін қабылдауға моральдық-психологиялық дағдыларды тәрбиелеу қажет.

Ауылдық жерлерден және шағын қалалардан келген мектеп түлектері үшін арнайы квоталар мен жеңілдіктер жүйесін енгізе отырып, олардың жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік білім беру жүйесі қызметкерлеріне, орта мектеп мұғалімдеріне және жоғары оқу орындарының оқытушыларына заң жүзінде жоғары әлеуметтік мәртебе бекітіп беру.

Стипендиялардың мөлшерін әлеуметтік тұтыну стандарты деңгейіне дейін көтеру.

«ЖОО – жұмыс беруші – студент» қарым-қатынастарының бүкіл жүйесін ретке келтіру үшін заңдық және қаржылық аспаптарын әзірлеу; стипендиялар тағайындау, білім беруге арналған кредиттерге кепілдік беру бойынша бизнесті қаржылық уәждемелеуді арттыру.

Жаңа ақпараттық-технологиялық негізде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңарту.

Мемлекеттік гранттар есебінен оқитын ЖОО-ның барлық түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету.

Жас мамандарды, мұғалімдерді, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламасын қабылдау.

ЖЖО-лар мен АООО-ларда тәжірибе жөніндегі оқу сағаттарын ұлғайту, нақты кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құралымдарының қатысуымен дуальды білім беруді дамыту.

Үздіксіз білім беру және қашықтықтан электронды білім беру моделін шалғай ауылдардың тұрғындары, мерзімді қызмет солдаттары және елімізде халықтың әлеуметтік қорғалмаған барлық топтары үшін қолжетімді ете отырып, оны дәйекті түрде енгізу қажет. Бірыңғай ғылыми-білім беру кешенінде ғана, ғылыми білімді үнемі жаңарта отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбилеуге болады.

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ, САПАСЫ ЖӘНЕ УАҚТЫЛЫЛЫҒЫ

Партия медицинаға арналған мемлекеттік шығыстар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес болуына және ЖІӨ-нің кемінде 5%-ын құрауына қол жеткізетін болады. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың, оның ішінде темекі мен алкоголь өнімдерін сатудан алынатын акциздердің, ойын бизнесінің кірістерінен түсетін аударымдардың бір бөлігі есебінен қаржыландырудың қосымша көздерін тарту қажет.

Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның тиімді бірлескен қызметінде нақты мақсаттары мен бағдарлары болуға тиіс: өлім-жітімді азайту, тууды арттыру, аурушаңдықты азайту, өмір сүру ұзақтығын арттыру, өмір сүру деңгейі мен сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, өмір сүру салтында келеңсіз үрдістерді жою.

Партия барлық өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік дәріханалар желісін құруға ұмтылатын болады.

Медициналық көмектің ауыл халқы үшін қолжетімділігін арттыру қажет.

Сондай-ақ, ауылда тәжірибеден өтуші дәрігерлерді қашықтықтан ақпараттық интернет-қолдауды және әдеуметтік медициналық сақтандыруды белсенді түрде енгізу қажет.

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің әлеуметтік маңызын ескере отырып, партия медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету, қазақстандықтардың, әсіресе ауылдық жерлердегі халықтың әлеуметтік осал топтарына медициналық көмек көрсету барысына, сақтандыру қоры қаражатының нысаналы жұмсалуына қоғамдық бақылау орнату қажет деп санайды.

Біздің мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамның өміріне тең құқылы қатысуын, олардың барлық жерде қоғамдағы орнын өзі белгілеу құқығын қамтамасыз ету болып қала береді.

Осы орайда, партия мыналар қажет деп санайды:

Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының іске асырылуын тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін мүгедектердің құқықтары жөніндегі уәкілдер институтын құру;

Мүгедектерге арналған дәрі-дәрмектерге, медициналық қызмет көрсетуге, протездеуге және арнайы медициналық техникаға жұмсалатын шығындарды жабуды қамтамасыз ету;

Мүгедектікті белгілеу және алып тастау қағидасын қайта қарау, мүгедектікті қайта куәландыру тәртібін ашық, айқын, ақылға қонымды, сыбайлас жемқорлық үшін жағдайды болдырмайтын ету;

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еңбек квоталарын бермегені және олар үшін қолжетімді орта құру қағидасын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізу;

Мүгедектерді әлеуметтік тұрғын үй алуға басым құқықпен қамтамасыз ету;

Халықтың барлық тобына мүгедектікке алып келетін ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлу.

Медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы және уақтылылығы, салауатты өмір салты – салауатты ұлттың негізі!

 

ҰЛТТЫҢ МӘДЕНИ ӘЛЕУЕТІ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН!

Мәдениет – мемлекеттің болашағы құрылатын іргетас және қоғамды дамытудың маңызды көзі.

Рухани саладағы ұлттық мүдделерді қорғау үшін партия мынаны ұсынады:

1. Жас ұрпақтың бойында азаматтылықты тәрбилеуге бағытталған   гуманитарлық бейінде оқыту бағдарламаларының, әдістерінің сапасын арттыру.

2. Ағартушылық және көңіл көтеру сипатындағы ресурстардың: кітаптардың, фильмдердің, балалар ойындарының, конкурстардың және т.б.  қолжетімділігін арттыру арқылы қазақ тілін кеңінен таныту.

3. Орта мектептерде қазақ тілін, Қазақстан тарихын және қазақ әдебиетін қазақ тілінде; ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихын ағылшын тілінде; және орыс тілін, орыс әдебиетін орыс тілінде міндетті түрде оқытуды енгізу;

4. 2020 жылға қарай мемлекеттік қызметке кіретін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын адамдар үшін мемлекеттік тілді білуге міндетті емтихан енгізу.

5. Халықпен, әсіресе, жас ұрпақпен әлемдік негізгі діндер мен ағымдардың тарихын оқып білу бойынша ағарту жұмысын,  діндарлар арасында радикализмді, терроризм мен экстремизмді қабылдауға болмайтындығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.

6. Қазақстандық шығармашыл, ғылыми зиялылардың жаңа буынын қалыптастырудың мақсатты, ұйымдасқан, идеологиялық және ынталандырушы саясатын жүргізу.

Біз сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан «Мәнгілік ел» идеясын жақтаймыз. Азаматтық қоғам, еңбекқорлық, адалдық, ғылым мен білімге табыну, зайырлылық және төзімділік сияқты құндылықтар рухтанған қоғамды құрудың іргетасы болып табылады.

Бейбітшілік, барлық этностардың тұтастығы, өзара түсінісуі – табыс кепілі.

 

ЖАСТАР– ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

Жастар – Қазақстанның басты инновациялық әлеуеті. Сондықтан бізге пәрменді мемлекеттік жастар саясаты қажет. Дербестікті, әлеуметтік жауапкершілікті, пысықтықты, жасампаз ой-сананы, біруақытта, халықтың дәстүрлері мен рухани құндылықтарын жақтаушылықты, сабақтастықты, тарихи жадыны арттыруға ықпал ететін болады.

Біз жас ұрпақты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне көбірек тартуға, олардың білім алу мен еңбекке, мәдени құндылықтар мен бұқаралық спортқа құқықтарын қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Партияның жастар саясаты саласындағы басты басымдықтары мыналар болып табылады:

Әрбір жас азаматқа еңбек нарығында талап етілуге мүмкіндік беретін қолжетімді және коммерциялық жағынан пайдаланылатын білім;

Атаулы жұмыспен қамтылу – жастарды нақты жұмыс орнына бағдарланған перспектитвалы даярлау;

Жас ұрпақтың жоғары бәсекеге қабілеттілігін, жас отбасында бала тууға деген жоғары нұсқауды ынталандыратын әлеуметтік қорғау тетіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту;

Ұлттық барабарлықты сақтау және жаңарту;

Біздің мақсатымыз – жастардың азаматтық құқықтарының барлық жерде сақталуын қамтамасыз ету.

Біз мыналар қажет деп санаймыз:

Арнайы орта және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бірінші жұмыс орнын квоталауды қамтамасыз ету;

Есірткі таратқаны және насихаттағаны үшін өмір бойы қамауға алуға дейін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату;

ЖОО-ларға мемлекеттік және жеке кәсіпорындар үшін мамандарға мемлекеттік тапсырыс белгілеу;

Бұқаралық спорт инфрақұрылымын жаңғырту. Елімізде халықтың барлық әлеуметтік топтарының спортпен айналысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Біздің мақсатымыз – Қазақстан Республикасының ерікті, білімді, мәдени, патриотты түрде ойлайтын азаматын тәрбиелеу!

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАНЫҢ  НЕГІЗІ

Елімізде бүгінгі таңда елді индустрияландырудың кең ауқымды бағдарламасы іске асырылуда және ол өз жемісін беруде.

Бүгіннің өзінде ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында жаңа технологиялар жұмыс істейді. Олардың өңдеуші салаларға, әсіресе, ауыл шаруашылығына түсуін қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта мыналар қажет:

Жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуда әлемдегі жетекші елдердің жетістіктерін кеңірек пайдалану, қолжетімді, ғылымды қажет ететін өндірістен үйрену. Меншікті станоктар мен жабдықтар өндірістерінің желісін жолға қою;

Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа техникаға, жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізуге арналған шығындарды ұлғайту;

Үдемелі Инновациялық-Индустриялық Даму Мемлекеттік Бағдарламасының көмегімен ғылымды қажетсінетін өндірістерді экспорттық бағдарлауды ынталандыру;

Үдемелі Инновациялық-Индустриялық Даму Мемлекеттік Бағдарламасының қаражатын пайдалана отырып, экономикалық әлеует өңірлік аумақтық ұйымының негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру;

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін қолданыстағы кәсіпорындар санының 15%-ына дейін арттыру;

Көп қажетсінбейтін, жылдам өтелетін жобаларды құруға ерекше көңіл бөлу;

Жеке қосалқы немесе фермерлік шаруашылықтар негізінде капиталды Жылыжай өндірісі, тамшылата суару технологияларын және ауыл шаруашылығындағы өзге жаңалықтарды қолдану саласын кеңейту;

Дайындау желілерін, өнімдерді сақтайтын жаңа технологияларды дамыту, кластерлік өндірісті кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді өсіру.

Біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда аграрлық жоолар мен колледждердің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бейініндегі ҒЗИ рөлін едәуір арттыру. Білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша аграрлық бейіндегі мамандықтарды мемлекеттік кредит беруді едәуір кеңейту. «Болашақ» бағдарламасы бойынша аграрлық сектордың жас мамандарының үлесін ұлғайту;

Қазақстан Республикасы жоғары ақпараттық технологияларды енгізу, іргелі ғылыммен де, экономиканың озық салаларының тұтынушыларымен де тығыз байланысты білім беру жүйесін дамыту негізінде алдыңғы қатарлы  елдердің қатарына кіруге тиіс.

Материалдық емес активтердің құнын өсіру керек. Зияткерлік меншік нарығын дамыту қажет.

Халықтың зияткерлік және рухани-адамгершілік құндылықтарын күзету мен көбейтудің тиімді тетіктерін құру қажет.

Елді инновациялық дамытудың маңызды жүйелік ресурстарын: қазақстандық ғылыми мектептерді, технопарктерді, технополистерді, маңызды технологиялардың «инкубаторларын», озық дамыту аумақтарын  қолдау бағдарламасын кеңейту қажет. Білім беру мен ғылымға арналған шығыстарды ЖІӨ-нің 3%-ы деңгейінде ұстап тұру.

Қазіргі заманғы қоғамда зияткерлік меншік капитал болып табылады, ал зияткерлік өнім белсенді түрде коммерциялық айналымға тартылуда. Демек, ғылыми идеяны оны коммерцияландыру сатысына дейін жеткізуге көмектесетіндей жаңа нарықтық құрылымдар қажет.

Зияткерлік меншік проблемасына біздің қағидатты көзқарасымыз әзірлеушінің жаңалығы пайдаланылатын түпкі өнімнің әрбір бірлігін сатудан түсетін кірістің бір бөлігін алуын оған бекітіп беруден тұрады.

Біз ғылым дамыту және ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін пайдалану мәселелері жөнінде ірі басқарушылық шешімдер қабылдау елдің бүкіл  ғылыми қоғамдастығының пірікін ескере отырып, жүргізілуіне ұмтылатын боламыз.

Біз мыналар қажет деп санаймыз:

Зерттеулер мен әзірлемелердің ЖІӨ-дегі үлесін 3%-ға арттыру.

Экономиканың инновациялық және жоғары технологиялық салаларына салынатын инвестициялар үлесін инвестициялардың жалпы көлемінің 50%-ына дейін ұлғайту.

Инновациялық технологияларды игеретін кәсіпорындар үшін салықтық преференцияларды енгізу.

«Ақылдың жылыстауын» тоқтату, елдің ғылыми-техникалық кешеніне дарынды жастарды тарту мен бекітіп беру үшін жағдай жасау.

Аспиранттар мен жас мамандарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламасын қабылдау.

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен гранттардың көлемін
3 – 5 есеге ұлғайту.

Зияткерлік меншікті қорғаудың сенімді құқықтық тектіктерін құру.

Перспективалы ұлт – бұл білім мен инновациялар қоғамы!

ТИІМДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ –

ЕЛДІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Партия ауыл проблемасына ерекше назар аударатын болады.

Қазіргі заманғы мықты және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы еліміздің өркендеуін қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын дамыту саясатының басым саясаты мыналар болуға тиіс:

заманауи агротехнологиялар мен техниканы пайдалануға көшу;

азық-түлік саласында импортты алмастыру кешенді мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;

шаруашылық жүргізудің ескірген әдістерінен бас тарту;

ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау, ауыл шаруашылығындағы болжамдауды арттыру;

ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру;

шикізатты тереңдете қайта өңдеуді қарқынды дамыту;

ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығындарын азайту;

ауыл шаруашылығы алаптарының айналымы және оларды пайдалану саласында тәртіп орнату;

ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмыс нәтижелері бойынша оларға берілетін тікелей субсидияларды ұлғайту.

Олардың көмегімен өнімдердің неғұрлым өтімді түрлерін шығаруды ынталандыру, өндіріс көлемдерін бақылау, бағаның ауытқуын азайту және ауыл шаруашылығындағы болжамдауды жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру қажет.

Ауыл шаруашылығы нарығындағы мемлекеттік сатып алу тетігін және тауарлық интервенцияларды қайта қарау, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін нарықты бағасы жағынан неғұрлым пайдалы және айқын ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу байланысты тауарлық кредиттер түрінде ұсынылуға тиіс.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәнді, майлы дақылдарын және басқа түрлерін экспорттайтын және оларды қайта өңдеу өнімдерін импорттайтын тәжірибесін өзгерту қажет;

Ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы проблемаларын қысқа мерзімде шешуді қамтитын «Ауыл инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және жүзеге асыру;

Әрбір елді мекенді құрамында көшпелі дәрігерлер бригадасы қалыптастырылатын белгілі бір медициналық орталыққа бекітіп беру;

Кемінде  мектеп жасына дейінгі 100 бала бар әрбір елді мекенде мектепке дейінгі білім беру мекемесін құру. Шағын жинақталған мектептердің жабылуына жол бермеу.

Барлық ниет білдірушілердің еліміздегі халықтық қолөнермен, шаруа мәдениетімен және табиңи ландшафтарымен танысуына мүмкіндік беретін ауылдық экологиялық туризмді дамыту.

Еліміздің аумағында экологиялық тәуекелдердің үлкен көлемі жинақталып қалды. Жердің, су мен ауаның ластануы, еліміздің биологиялық және орман байлықтарына қатысты айуандық әрекет, экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтамау адам денсаулығына нақты қауіп тудырады.

Экологиялық қауіпсіздікті жақсарту үшін жағдай жасау – өте ұзақ әрі көп еңбекті қажетсінетін процесс және көптеген мемлекеттік құрылымдар мен саяси күштер іс-қимылдарының келісілуін және дәйекетілігін талап етеді.

Экологиялық апаттың жолын кесу оның салдарымен күресуге қарағанда, әрқашан оңай!

Партия мыналар қажет деп санайды:

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгеріс енгізу, мемлекеттік экологиялық сараптаманың және мемлекеттік экологиялық бақылаудың бүкіл жүйесін жаңғырту;

Өзендер мен тоғандардың су қорғау аймақтарын заңға қайшы салуды, оларды тұрмыстық науалармен және қоқыспен ластауды тоқтату;

Тұтыну өнімдерінің сапасын стандарттау, сертификаттау және сапасын қадағалау тәртібін өзгерту және мемлекеттік «биомөр» - азық-тұлік өнімдерінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі белгісін енгізу;

Қоршаған ортаға экологиялық тәуекелдерді және келеңсіз әсерді барынша азайту мақсатында энергия тасымалдаушыларды жеткізу бағыттарын әртараптандыру;

Қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, қоқысты бөлек жинау, оны қайта өңдеу және қайталама шикізаттан  жаңа өнімдер шығару проблемаларын түбегейлі шешу; заманауи қоқыс өртеу зауытын  салу қажет;

Ірі қалалардың «жасыл белдеулерін» күзету, таза тұщы су көздерін қорғау, тамақ өнімдерін сертификаттауға қойылатын қосымша талаптарды ұсыну жөніндегі қоғамдық бастамаларды қолдау; Қазақстанға гендік түрлендірілген тамақтарды жеткізуді шектеу.

Қоршаған ортаның сапасы өмір сүру сапасының маңызды өлшеміне және аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштерінің біріне айналуға тиіс.

 

ҚОҒАМ МЕН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕГІ БИЛІК

Заманауи әлемде өзгеріске дайын тұрған адам жеңеді. Егер саяси жүйе ұлттық қауіпсіздіктің ықтимал қауіп-қатерлерінің алдын алатын болса және қоғамдағы өзгерістерге барабар ден қоюға қабілетті болса, мемлекет орнықты және ілгері дамиды.

Бұл үшін билік азаматтық қоғаммен үнемі сұхбатта болуға,  демократиялық инстиуттарды нығайтуға тиіс.

Сонымен қатар, үнемі консультациялар беріп отыру және елдің маңызды  проблемаларын талқылау жолымен қоғамның саяси мәдениетін арттыру қажет.

Біздің мақсатымыз – мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік және муниципалды басқару саласында қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға және олардың іске асырылуын бақылауды нығайтуға өз үлесін қосуға тиіс.

Партия мыналар қажет деп санайды:

Мемлекеттік реттеу органдары алдында есептілікті оңайлатуды және салықтық жеңілдіктерді қоса алғанда, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық бірлестіктер үшін барынша қолайлы жағдай жасау режимін құратын заңнамалық бастамаларды қолдау;

Халықтың өзін-өзі ұйымдастыру жөніндегі барлық нысандары – үй комитеттері, тұрғын үй бірлестіктері, көрші қоғамдастықтар, кооперативтер, дамыту орталықтары, өңірлік қоғамдық палаталар жергілікті мәселелерді өз күштерімен шешуге ұмтылған кезде оларға жәрдемдесу;

Коммерциялық емес бірлестіктердің әлеуметтік қызметтер көрсетуге (білім беру, денсаулық сақтау, ағарту, мүгедектерге күтім жасау) қатысуын, оның ішінде мемлекеттік гранттардың көмегімен көтермелеу;

Қайырымдылық мақсаттарға бағытталатын қаражатқа орынды салық салу.

Әлеуметтік желілерде ұсынылған жаңа әлеуметтік күштер қоғам мен мемлекеттің кері байланысының бірегей құралы болып табылады. Партия барлық бағыттағы әлеуметтік желілердің барлық пайдаланушыларына құрметпен қарайды.

СЫРТҚЫ САЯСАТ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

Қосылуға ниеттенген, халықаралық келісім-шарттар мен конвенцияларды жасау кезінде, ең алдымен біз, ұлттық мүддені басшылыққа алуға міндеттіміз.

Біз Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтуды қолдаймыз.

Осыған байланысты партия мына әрекеттерді қажет деп санайды:

1. Теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу, Қазақстанның Еуразия, Еуропа және Азия кеңістігіндегі әртүрлі халықаралық институттарға қатысу;

2. Экономика және қауіпсіздік саласындағы өзара қолайлы әріптестік келісімдерді тереңдету;

3. Өңірлік және әлемдік проблемаларды шешуде Қазақстанның рөлін күшейту, мамандарымыздың әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологияны сақтау мен денсаулықты қорғау  жөніндегі миссияларға қатысу.

*         *        *

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жоғарыда айтылған бағдарламалық нұсқамаларды қолдау үшін оның мүшесі болу міндетті емес санайды. Сөзбен емес, іспен өз Отанының азаматы болу – біздің патриоттығыздың көрінісі.

«АУЫЛ» ХДПП – Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағдарланған әділ мемлекет құруды өзінің мақсаты етіп қойған заманауи партия.

Біз Қазақстан Республикасының болашағы қымбат деп санайтын барлық адамды бізбен бірге болуға шақырамыз!

БІЗ ТӘУЕЛСІЗ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ӘДІЛЕТТІ, ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552