Беларусь Республикасында салынып жатқан атом-электр стансасының операторлары анықталды
МИНСК. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Беларусь Республикасының Президенті 29 наурызда «Ядролық шығын үшін азаматтық жауапкершілік саласындағы халықаралық келісімшарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат аталмыш сала қабылдаған міндеттемелерді Беларусь Республикасының орындауын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.
Бұл Жарлықпен 1963 жылғы Ядролық шығын үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы мен 1997 жылы қабылданған Ядролық шығын үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттаманың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар және Беларусь Ұлттық ғылым академиясы «Энергетикалық және ядролық зерттеулер бірлескен институты» ғылыми мекемесінің салынып жатқан ядролық қондырғылары атом-электр стансасының операторлары анықталды.