Жұма, 22 Қараша 2024
7500 0 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 22:00

«Нұр Отанның» қолдауымен әлеуметтік жобалар байқауы жалпыұлттық деңгейге көтерілді

Бүгін дәстүрлі «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының қорытындысы жарияланды. Биыл байқау алғаш рет «Нұр Отан» партиясының және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Марапаттау рәсімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, барлық жобаның жеңіске лайық екенін айтты. Сондай-ақ ол мұндай байқаудың әлеуметтік, рухани және тәрбиелік маңызы зор екеніне назар аударды.

– Бұл, біріншіден, әлеуметтік салада белсенділігімен танылған қоғамдық ұйымдар мен мұқтаж жандарға көмек қолын созған жеке азаматтарға қолдау көрсетуге, олардың еңбектерін елеп-ескеруге мүмкіндік беретін болса, екіншіден, сондай бірлестіктерді көпшілікке үлгі-өнеге ретінде дәріптеуге жол ашады. Қазіргі таңда елімізде ондай ұйымдар мен азаматтар мыңдап саналады. Біз олардың жұмыстарын жоғары бағалай отырып, аталған ұйымдарға тиісті жағдай жасауды барлық мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және саяси партиялардың жауапкершілігі деп қабылдаймыз. Өйткені олар осындай игі істерімен қоғамымызда қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершіліктің қалыптасуына үлкен үлестерін қосып келеді. Сол себепті «Нұр Отан» партиясы осы дәстүрлі байқауға атсалысып, оның жаңа деңгейге көтерілуіне өз септігін тигізіп отыр, – деген Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта партия осы саладағы жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова байқаудың өтуіне қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясына алғысын білдірді.

– Биыл байқау алғаш рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізіліп отыр. Соның нәтижесінде жоба жалпыұлттық деңгейге көтеріліп, қатысушылар саны рекордтың межеге жетті. Жалпы бұл байқаудың осындай биікке жетуі қоғамымыздағы бірліктің белгісі, – деді министр ханым.

Осымен қатарынан 6-шы рет өткізілген байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 318 автор қатысып, өз жобаларын ұсынды. Байқау комиссиясының шешімімен олардың ішінен 55 жоба іріктеліп, республикалық кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде «Зейнеткерлерге тегін түскі ас» жобасымен қатысқан Рәсима Темірбаева – 1-орын, «Арбадағы кедергісіз өмір» жобасымен қатысқан Нұрболат Қарабасов пен «Ел назы» арт-терапиямен дамыту орталығы жобасымен қатысқан белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов – 2-орын және «Үміт сәулесі», «Мейкатон «TOM: Kazakhstan» жобаларымен қатысқан Маржан Мәдиева мен Сәния Арапова 3-орын алды.

Одан бөлек, онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша 5 қатысушыға жүлде тапсырылды және тағы 3 жоба авторына арнайы сыйлық тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257