Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Саңлақ 7730 10 пікір 29 Қыркүйек, 2018 сағат 10:16

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Оклендтегі (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Жәнібек 24 жекпе-жек өткізіп, 16-ын жеңген колумбиялық Карлос Галванмен жұдырықтасты. Жекпе-жекте нокаут орын алған жоқ. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы биыл маусым айында әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл Жәнібектің Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы қатарына қосылғаннан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.

Әлімханұлы келесі кездесуін 3 қараша күні Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткізеді. Қарсылас АҚШ боксшысы болады деп жоспарлануда.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 954
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2454
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 656
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637