Заң жобасы авторларының бірі бұл құжатты 2020 жылы өтетін парламент сайлауына дейін қабылдау керек деп есептейді.
"Бұл құжат саяси лауазымды қызметкерлерге арналған. Жәй азаматтарға еш қатысы жоқ. Егер екінші азаматтығын жасырған шенеунік анықталса, онда ол мемлекетке 250-300 мың сом көлемінде (3600 доллар шамасында) айыппұл салады", – дейді депутат Дастан Бекешев.
Бекешевтің сөзінше, қазір заң екі азаматтық үшін жазалай алмайды. Мысалы, Бас прокуратура Бішкектің экс-мэрі Кубанычбек Кулматовқа (тергеу ісі бойынша, онда екі азаматтық – қырғыз және ресей азаматтығы болған) қарсы тек коррупция бойынша қылмыстық іс қозғады. Кулматов СССР кезінде алған төлқұжатын жоғалтып алғанын, кейін оны қырғыз жеке куәлігіне айырбастағанын айтқан. Бірақ соған қарамастан Кубанычбек Кулматовта Ресей азаматтығы болған.
Қырғызстан заңына сәйкес, шетелдік азамат депутат болып сайлана алмайды әрі жоғары лауазымды қызметке тағайындала алмайды.
Abai.kz