Эллисон қатерлі ісік жасушаларымен тиімді күресу үшін иммундық жүйенің жұмысын баяулатуға көмектесетін ақуызды зерттеумен айналысты. Ғалымдар сонымен қатар меланомадан және қатерлі ісіктің басқа түрлерін емдеудің жаңа тәсілін бірігіп жасады.
2017 жылы бұл сыйлыққа "Физиология және медицина" саласы бойынша 361 адам ұсынылған. АҚШ-тың бір топ ғалымдары лауреат атанған: Майкл Янг, Джеффри Холл және Майкл Росбаш – циркадты ырғақты бақылайтын молекулярлық механизмдері үшін берілген.
Сыйлықты ресми табыстау рәсімі әдеттегідей 10 желтоқсанда Стокгольмде Нобельдің дүниеден өткен күні беріледі. Қос ғалымға сыйлықтың 9 миллион швед кронына тең (1 миллион доллар) ақшалай жүлдесі беріледі.
Abai.kz