Жастардың дисструктивті ағымда жүруіне бәріміз кінәліміз!
Осы күндері жастар неге әсіре діни насихаттың құрбаны бола береді деген сауалдар қайта көтерілуде. Аудиторияларда отырған жастарға ақыл айту оңай ғой. Ал көшедегі жастарға дұрыс ақпараттық білімді қалай жеткіземіз?
Жалпы қазіргі жастардың наным-сеніміне шабуыл рухани буыны қатаймағандығынан болады. Бұның екі бағыты бар, бірі бұқаралық мәдениет арқылы мысалы "91 тобы" сияқты субмәдениетті насихаттаушы өнер болса, екіншісі ата-ананың орнын ауыстыратын яғни тәрбиенің әлсіздігінің орнын толтыратын діни сенім.
Бұған себептер көп, мәселен қоғамдық білім шұбарланғандықтан, ақпараттық саясатта құндылықтар бекітілмесе, жастардың бос уақыты қамтылмаса, мақсатсыз өмірлері идеалдармен негізделмесе, әлеуеті еңбек етуге бейімделмесе - буынсыз санаға жалпы уағыз-насихаттың ықпалы күшті жүреді.
Меніңше, тек діни біліммен күрес аздық етеді. Жастардың өзге дисструктивті ағымның жетегіне кетпес үшін жоғарыдағы себептермен кешенді әрекеттер қажет. Сондықтан бүгінгі жастардың рухани құлдырап, әсіре діннің құрбаны болып жүргеніне Сириядағы дінбұзар сыртқы күштер емес, бәріміз жауаптымыз.
Мақсат Жақаудың facebook парақшасынан
Abai.kz