Біреуде ұят, ал қалғандарында намыс тапшы
Көмірдің сарқылмас кеніші саналатын Қарағандыда көмір, жерасты байлығына кенелген Маңғыстауда табиғи газ, мұнай өңдеу зауыты бар Шымкентте жанармай, Алатау бөктеріндегі Алматыда таза ауа мен жолдар, Есіл өзені бойындағы Астанада арық, Сырдариядағы Қызылордада су, Абайдың жері Семейде мектеп, Каспий іргесіндегі Атырауда балық, қызылшаның орталығы Қостанайда қант, ал әлемде аумағы бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстанда бар болғаны 18 миллион халқына жер тапшы болса, бұл біреуде ақыл мен ұят, ал қалғандарында намыс пен шындық тапшы деген сөз.
Расул Жұмалының facebook парақшасынан
Abai.kz