Павлодарда алқа билердің қатысуымен өтетін алғашқы сот белгіленді
Павлодар. 12 маусым. ҚазТАГ – Павлодарда бұрын Екібастұз әкімі болған кәсіпкер Рамазан Жұматаевты өлтіруге қатысты іс бойынша алқа билердің қатысуымен алғашқы сот өтеді. Ол 2008 жылы мамырда қаланың орталығындағы базарлардың бірінде өз көлігінде өлі күйі табылды. Тергеу анықтағандай, 58 жастағы азаматтың арқасынан Калашников автоматынан оқ атылған, Жұматаевтың денесіне 9 оқ тиген.
Өткен жылы маусым айында қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен екі павлодарлық және Өскемен қаласының тумасы ұсталған болатын, олардың біреуі - ірі бизнесмен Бауыржан Мұқантаев. Осы үшеуіне қатысты тергеу қорытындысы бойынша 29 қарашада ҚР ҚК 96 бабы– «көптеген адамның өміріне қауіп төндіретін әдіспен ақы үшін топтасып кісі өлтіру» бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, қараша айында Новосібір қаласында Қазақстанның 31 жастағы азаматы Ернар Бижүменов ұсталды, оның үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Тергеу болжамына сәйкес, ол қылмысты тікелей орындаушылардың бірі болып табылады.
Айып тағудан бастап, істі сотқа жолдауға дейін жарты жыл уақыт өтті. Зардап шеккен жақтың туыстары БАҚ арқылы сот амалының мақсатты түрде ұзаққа созылып жатқанын және айыптыларға жазадан қашуға көмектескісі келетін күштер бар екенін айтқан болатын. Өз кезегінде айыпталушылар өз кінәларын мойындамай отыр.

11 маусымда алдын ала сот тыңдауында төрт айыпталушының істің алқа билердің қатысуымен қаралуы туралы өтініштері қанағаттандырылды. Алғашқы тыңдау 26 маусымда өтеді.