"Орталық Азия" халықаралық сауда аймағын ашу мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл - Түркістан облысының ғана емес, бүкіл республиканың экономикасының дамуына серпін береді. Біз Өзбекстанмен сауда айналымын 2020 жылға таман жылына 5 млрд долларға дейін жеткізе аламыз. Соған байланысты үкіметке халықаралық сауда аймағы мен жаңа "Түркістан" халықаралық тексеру-өткізу бекетін ашу мәселелерін өзбек тарапымен пысықтауды тапсырамын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 8,6 пайызға ұлғайып, 2 миллиард доллар болды. Биыл қаңтар-маусым айларында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 52 пайызға өскен, ал өзбек экспорты 48 пайызға көтерілген.
Көрші елдер биыл сауда айналымының көлемін 3 млрд долларға, ал 2020 жылға таман 5 млрд долларға жеткізуге күш салады.
Abai.kz